Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көлік бағасының қымбаттауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз өзіміздің автоөндірісті бағдарға алатынымызды білесіз. Менің назарым отандық көліктерде. Қазір олардың бағасы тұрақты болуы үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Жеңілдетілген автонесие бойынша 10 млн теңгеге дейін несие беріледі деп топшылаймыз. Бірақ одан қымбатқа сатып алуыңызға да болады. Артығын өзіңіз төлейсіз», – деді Қайырбек Өскенбаев. Сондай-ақ ол 4%-дық автонесие бойынша сәуір айының аяғына дейін шешім шығатынын айтты. «Қазақстандық автомобильдердің бағасының айтарлықтай өсуін жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ бағалардың күн сайын құбылып тұрғанын айту керек. Баған күн санап артып жатыр. Ертең қандай болатынын айту қиын. Бірақ кейбір позициялар бойынша төмендеу тенденциясы да бар», -деді ведомство басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!