Көктемнің ең керемет мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні аяулы аналарымыз бен аруларымызға деген махаббатымызды тағы бір мәрте көрсетуге мүмкіндік береді. Stan.kz ақпарат агенттігі мейрамға орай нәзік жандарға не сыйлауға және сыйлықты қалай тиімді шарттармен алуға болатыны жайлы айтып бермек.
Jýsan Bank 8 наурызға орай бірегей өнім – бөліп төлеу картасын ұсынады. 12 айға дейін бөліп төлеу қарастырылған бұл картада төлем мерзімін өзіңіз таңдай аласыз.
Картаға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады. Ол үшін Jýsan мобильді қосымшасын орнатып, тіркелу қажет. Дайын болған соң, оны курьер арқылы жеткізу немесе банк бөлімшесінен өзіңіз барып алып кету қарастырылған.
Ең маңыздысы, сіз Jýsan Bank-тің бөліп төлеу картасын әлемнің кез келген елінде қолданып, бағасы 1 миллион теңгеге жететін затты сатып ала аласыз. Толық ақпаратты банктің сайтынан білуге болады.
Сонымен, бөліп төлеу картасының көмегімен не сатып алуға болады? Төменнен оқыңыздар.
Парфюмерия және косметика
Бет және дене күтіміне арналған косметикалық өнімдер, иіссу – бұл мейрамның дәстүрлі сыйлықтарына айналып кеткен. Егер сыйлық алғыңыз келген жанның талғамын жақсы білсеңіз, оның сүйікті парфюмін немесе нарықтағы ең танымал әрі сапалы иіссуды сыйға тартуға кеңес береміз.
Әйелдер қауымы органикалық косметиканы жоғары бағалайды. Сондықтан бұл мейрамда оларды табиғи компоненттерден жасалған, опа-далаппен қуанта аласыз.
Техника
Уақытының көп бөлігін үйдің жұмыстарына арнап, ас үйде дәмді тағамдарды пісіруден шаршамайтын аруларға асүй жабдықтарын, атап айтсақ, асүй комбайнын, мультиқайнатқыш (мультиварка) немесе электронды еттурағыш сынды дүние сыйлаған абзал. Мұндай құралдар тамақ әзірлеуге жұмсайтын уақытты үнемдейді. Осылайша аяулы жандардың өзіне және отбасына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндігі пайда болады.
Ал кестелеумен айналысып, тоқыма тоқығанды ермек еткен жандарға тігін машинасын немесе оверлок сыйлауға болады.
Бағалы ыдыс
Тұрмыс құрған әйелдердің ішінде қымбат әрі қонақ күтуге қажетті ыдыстарға қуанбайтыны кемде-кем. Бағалы сервиздерге ие болған ару құрбыларының қызығушылығын оятатыны сөзсіз. Мұндай сый сыйлаған сіздің де беделіңіздің артатыны анық.
Текстиль және үйге арналған тауарлар
Көптеген әйелдерге сыйлыққа сапалы төсек-орын жабдығын, бірнеше мақталы жұмсақ сүлгілерді алған ұнайды. Ерекше қамқорлықтың белгісі ретінде анаңызға, жарыңызға ортопедиалық матрас немесе жастық сыйлауға кеңес береміз.
Әшекей бұйымдар
Сырға, алқа, жүзік, білезік сынды бағалы әшекей бұйымдарға әрбір әйел қуанатыны белгілі. Бүгінгі күні жоғарыда аталған заттардың түрі алуан. Бұйымдарды қалауыңыз бойынша сауда ойын-сауық орталықтарынан, әшекей-бұйымдар сататын арнайы дүкендерден сатып алуыңызға болады. Бір айта кетерлігі, егер мереке иесіне жүзек сыйлау туралы шешімге келсеңіз, алдын ала оның саусағының өлшемін сұрап біліп алған жөн.
Шипажайға жолдама
Фитнес клубқа абонемент немесе SPA-салонға бару үшін сертификат алып берсеңіз, нәзік жандылардың көңілі марқайып қалады. Сонымен қатар, жақсылап емделіп, денсаулығын қалпына келтіріп, демалып қайтуы үшін шипажайға жолдама сыйлауға болады.
Мейрамханадағы жайлы кеш
8 наурызды ардақты жандар көбінесе дастархан жайып, қонақ күтумен өткізеді. Мейрам күні олар өздерін аяулы және сүйікті сезінуі үшін анаңызды, жарыңызды ертіп, мейрамханаға алып барыңыз. Мейрамханаға алдын-ала хабарласып, үстелге тапсырыс беріп қойыңыз. Оларға сәйкесінше құрмет көрсетіп, мейрамды ұмытылмастай етіп өткізуіне үлесіңізді қосыңыз.
Айта кетейік, егер тізімнен өзіңізге ұнаған затты таппасаңыз, сіз бөліп төлеу картаңызды анаңызға, жарыңызға, әпке-қарындасыңызға немесе құрбыңызға беріп, өзі қалаған сыйлықты таңдап алуына мүмкіндік сыйлаңыз. Сыйлық іздеп жүріп, аяулы жандарды гүлмен қуантуды да ұмытпаңыз!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!