Тengrinews.kz. Кейбіреулер аз уақытқа ашығу ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады деп есептейді. Алайда дәрігерлер тамақтан толық бас тартудың нақты пайдасы бар деген пікірмен келіспейді, – деп хабарлайды «Доктор Питерге».
Адам денсаулығы мен көңіл күйіне тамақтың әсер ететіні даусыз. Қазір адамдар ағзаға қажет мөлшерден әлдеқайда артық жейді. Сондықтан көпшілігі «ағзаны тазартайық» деген оймен ашығуға талпынады.
Бір қарағанда, ашығу пайдалы сияқты. Бірақ дәрігерлер не дейді?
Мамандар мұндай тәжірибелерді қолдамайды. Ашыққаннан кейін жеңілдік сезінуіңіз мүмкін, тіпті уақытша арықтап та қаласыз. Бірақ «ем үшін ашығу» ас қорыту жүйесіне зиян тигізіп, жүрек ауруларына әкеп соғуы ықтимал.
12 сағаттан кейін ағза кетоз сатысына өтеді: бауыр майларды ыдыратып, кетондар түзеді.
Кетондардың шамадан тыс көбеюі кетоацидозға әкелуі мүмкін. Бұл кезде қан қышқылданып кетеді де, дер кезінде шара қолданбаса, өмірге қауіп төндіреді. Ғалымдар қан құрамында кетондардың көп болуы инфаркт пен инсульт қаупін арттыратынын айтады.
Сонымен бірге аутофагия тек зақымданған емес, сау жасушаларды да жойып, ағзаға зиян тигізуі ықтимал. Ал ұзақ ашыққан жағдайда ағза май емес, бұлшықет тінін ыдырата бастайды. Бұлшықет азайған сайын кейін қайта салмақ қосу жылдамырақ жүреді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!