Танымал имам Тимур Алиев қазақтандық әйелдерге Рамазан айында жасанды кірпік пен тырнақ тағуға бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Имамның айтуынша, жасанды кірпік пен тырнақтан дәрет өтпейді, ал ол намаз оқу үшін міндетті әрекет. Ал егер адам намаз оқымай, тек ораза ұстаса кірпіктер мен тырнақ оның ниетіне әсер етпейді.

“Кірпіктер мен тырнақ оразаға әсер етпейді”, – деп қорытындылады Алиев.

Қазақстан мұсылмандары үшін биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталды. 16-сынан 17-сіне қараған түні Қадір түні өтеді. Ал 20 наурыз – Ораза айт мерекесі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!