Мамыр айында инвесторлар үшін ең тиімді тауарлар какао-боб мен платина болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шоколад өндірісінде қолданылатын какао бағасы бір айда 11%-ға өсті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдері арасында апельсин шырынының бағасы 8%-ға жуық, ал күріш пен сұлы 2.9%-ға қымбаттады.
Металдар ішінде платина 9.2%-ға қымбаттап, ең сенімді өсім көрсетті. Сондай-ақ, қалайы 5.2%-ға, ал мыс 3.1%-ға қымбаттады. Алтынның бағасы біршама баяу өсті — тек 2.9%-ға.
Энергетикалық ресурстар ішінде ең үлкен өсім көмірде байқалды — 8.2%. Еуропадағы газ бағасы 5.5%-ға, ал уран 5.4%-ға өсті.
Ең көп арзандаған тауар — кофе. Робуста сортының бағасы 13.2%-ға, арабика сортының бағасы 11%-ға төмендеді. Сондай-ақ, литий бағасы 9.2%-ға құлдырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!