Әлемде сан түрлімамандық бар. Белгілі Француз философы Огюст Конт қоғамды зерттеу үшін әлеуметтану ғылымының негізін қалады. Ол ғылымның негізі ретінде бүкіл адамзатты таныды. Алайда Конт қоғамның түбегейлі өзгеруіне әсер ететін жүйені де білгісі келді. Философтың пайымдауынша, адам саны көбейген сайын, әлеуметтік құрылым күрделене береді. Қоғамда түрлі қарым-қабілет пайда болады. Осы орайда сіздерге әлемдегі ең ерекше мамандықтарды ұсынамыз.

Топтамамызды бастайтын маман – әңгімелесуші. Бұл – Жапонияда пайда болған мамандық. Олар қалың көпшілік жайлаған аудандарда болады. Бұл маман клиентті арнайы үйшікте отырып, қабылдайды екен. Ол жерге келген қонақтардың сырын тыңдап, әңгіме-дүкен құрады. Мұнда әр қонақтың ішіндегі сезімдерін ашық айтуына мүмкіндік бар. Маман аптасына он мыңнан астам адамды қабылдай алады.

Кезекті мамандық – қымбат кереуеттер тестері. Бұл мамандықтың міндеті – өндірістік компания үшін матрацтар мен ұйқыға арналған жабдықтарды сынау. Сынақшы керует сапасын және қонақ үйлердегі ұйқыға әсер ететін басқа да элементтердің ыңғайылығын бағалайды. Бұл клиенттердің денсаулығына зақым келмеу үшін арналған. Себебі омыртқа мен арқаның ыңғайсыз орналасуы денсаулыққа әрі жұмыс өнімділігіне әсер етеді.

Тағы да бір қызыққа зер салсақ, аттракцион сынаушы деген мамандық та бар. Бұл маман аттракционда сырғанап, өзінің тәжірибесі жайлы толық мәлімет беруі керек. Алайда жұмыс мұнымен шектелмейді. Мамандық иесі аттракциондағы қауіпсіздікті, физикалық ауыртпашылықты, «эмоция эффектісін» тексереді. Ол арнайы құрал арқылы жүзеге асады. Маманның қолына белгі беретін құрылғы іледі. Құрал оның қан қысымын, жылдамдығын есептейді. Егер ол денсаулыққа кері әсер берсе, инженерлермен бірге ақауларды анықтауға көмектеседі. Келесіде аттракциондарға барғанда, сіздің қауіпсіздігіңіз үшін біреу бұл жерде оннан аса тест жасағанын еске алыңыз.

Кинода біз «жалданбалы туыс» деген ұғыммен таныспыз. Осы мамандық шын мәнінде бар десем сенесіз бе? Жапондықтар үшін қоғам алдында «идеалдағы адам» болып көріну өте маңызды. Олар ата-ана, күйеу немесе әйел рөлін сомдай алады. Жапонияда ата-ананың келісімінсіз отау құру дәстүрге жат. Сондықтан тойда ата-ананың орны бос қалмау үшін ерлі-зайыпты актер жалдайды.

Ал сіз бұл мамандықтар жайлы білдіңіз бе?

Мерей ШӘКРАТ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!