Жағымды не жайсыз пікір жинаушы бизнесті жақсартуға көмектеседі. IT университет түлегі, сириялық Рафиф Зиния әлеуметтік желідегі тұтынушылардың пікіріне қол жеткізетін қосымша жасады. Emocial атты апплет адамдардың тауар немесе қызметке қанағаттанарлық бағасын саралап, кәсіпті жетілдіруге жол ашады.

Қосымша Facebook, Twitter және Youtube платформасынан пікірлерді жинап, датасы мен географиялық орналасуына қарай статистикалық мәлімет ұсынады. 23 жастағы Зиния бұл жобаны 2018 жылы бастады. Осы аралықта аз уақыт үзіліс те алған. Білімін аяқтап, дипломға қол жеткізген соң, бастаған ісін жалғастыру үстінде. Қосымшаның қолданысына 6 ай уақыт бар, дегенмен Зиния қазірдің өзінде жергілікті компанияларға ұсыныс жіберген. Жалпы әлеуметтік желі Сирия мен Араб әлемінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан бұл сервистің енгізілуі жергілікті халық ықыласына бөленуі мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!