Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева су жаңа көлікті иесі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Өнер иесінің үлкен ұлы Әли Оқапов анасына тосын сый жасап қуантты.
“Бүгін таңертең “балаларым маған тосын сый әзірлеп жатыр” деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеді. Әли халыққа қызмет көрсету орталығына барамыз деп, мені үйден алып кетті. Содан мені автокөлік орталығына алып келіп, жаңа көлігімді көрсетті. Дегенмен көліктің құжаттарымен біз ХҚКО бардық. Енді менің көк-жасыл түсті Geely Monjaro маркалы көлігім бар. Сыйлығың үшін көп рахмет! Бұл жыл бақытты сәттерге толы болды. Биыл әже атандым және балаларым маған су жаңа көлік алып берді”, – деп жазды Қазақстанның халық әртісі.
Әли де өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында анасына сыйлық дайындап қойғанын айтқан болатын.
“Қатты шаршадым. Бірақ өзімді мақтан тұтамын. Себебі бүгін анама керемет сыйлық жасадым, жұмыстарымды аяқтадым және ертең отбасымды демалысқа апарамын”, – деді Әли Оқапов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!