Адам өмірге келген ай оның мінез-құлқы, энергиясы, шығармашылық қабілеті мен әлемді қабылдау ерекшелігіне әсер етеді деген сенім ежелден қалыптасқан. Астрология мен психология зерттеулері бойынша, туған айымыз бізге тек сипат, көңіл-күй ғана емес, сонымен бірге белгілі бір түстік энергия да береді. Бұл түстер адамның ішкі дүниесін, өмірлік миссиясын және қоршаған ортамен қарым- қатынасын бейнелейді.

Сіз қаңтарда тудыңыз ба, әлде шілде айында ма? Туған айыңыз тек күн мен айды көрсетпей, сіздің мінезіңізді, энергияңызды және өмірге деген көзқарасыңызды да сипаттайды. Ендеше әр айға тоқталсақ.

Қаңтар – сенімділік пен тұрақтылықтың бейнесі. Бұл уақытта туған жандардың нақты бағытын, ішкі үйлесімі мен сенімділігін көк пен сұр түс айқындайды. Сондықтан күнделікті киімде немесе жұмыс кеңістігінде көк пен сұр түсті элементтер қосуға кеңес береміз.

Ақпанда туғандар шығармашылыққа жақын, интуициясы мықты болады. Ал ішкі тепе-теңдікті сақтау үшін қою жасыл мен күлгін түстерді қолдануға кеңес береді. Жаңа идеяларға ашық болып, интуицияңызды тыңдаңыз.

Қар еріп, шуағын шашқан наурыз келгенде туғандар нағыз мейірім пен үміттің бейнесіндей. Оларға жасыл мен ашық сары түстер эмоциялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ал табиғатқа шығу немесе сары аксессуар кию көңіл-күйді көтереді, оптимизмді арттырады.

Қызыл және қызғылт сары түстер сәуірде дүниеге келгендердің энергиясын көрсетеді, шабыттандырады әрі мақсатқа жетуге итермелейді.

«Мамырлықтар» – тұрақтылық пен әсемдіктің бейнесі. Сәйкесінше оларға да жасыл және ашық түстер ішкі тыныштығын, гармония сақтауға көмектеседі.

Маусым – икемділік пен коммуникация. Ашық көк және ақшыл сары түстер шығармашылық ойларды оятады және әлеуметтік байланыстарды нығайтады. Кеңес: күнделікті қарым-қатынастарда осы түстерді қолданыңыз.

Шілде – сезімталдық пен қамқорлық. Көк пен ақ түстер эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Тамыз – көшбасшылық пен амбиция. Қызғылт сары және алтын түстер сенімділікті арттырады, өмірге белсенді көзқарас береді. Ал күзде дүниеге есігін ашқандар талғампаздық пен жүйелілікті бейнелейді.

Қыркүйекте туғандарға көк және жасыл түстер ой жинақтауға көмектеседі. Кеңес: көк және жасыл түсті заттарды күнделікті жоспарлауда немесе оқуда пайдалану тиімді, ойыңызды нақтылайды.

Қазан – гармония мен әлеуметтік байланыс. Бұл айдың перзенттерінің басты түсі қоңыр. Ал қарашада туғандардың бойында тереңдік бар. Сондықтан қою күлгін түстер ішкі сенімділігін арттырады.

Жыл соңында туғандардың бойында оптимизм мен жақсы энергия көп. Сол үшін желтоқсанда өмірге келгендер үшін қызыл және алтын түстер рухты көтереді, белсенділікті арттырады. Кеңес: күнделікті өмірде қызыл және алтын түсті элементтерді қолданыңыз, энергия мен оптимизмді күшейтеді.

Әр айда дүниеге келген адамдардың энергиясы мен түстері олардың мінез-құлқы, өмірлік құндылықтары және қоршаған ортамен қарым-қатынасына ерекше рең береді. Өз туған айыңыздың түстерін өміріңізге қосу – ішкі гармония мен рухани байлыққа жетудің бір жолы. Киімде, интерьерде немесе күнделікті іс-әрекетте осы түстерді пайдаланып, өз энергияңызды оятып, өміріңізді үйлесімді етуге болады.

Туған айыңыздың энергиясын түсіну – өзіңізді танудың, қабілеттеріңізді дұрыс бағытта пайдаланудың және өмірде тепе-теңдікке жетудің кілті.

«АЖ» ақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!