Әлеуметтік желіде Қара құрлықта жираф атып, зебраның өлі денесін көлікке басып жатқан қазақтардың видеосы желдей есіп кетті.
Бір видеодан байқағанымыз ағылшын азаматымен бірге қазақ жігіті жирафты атып, оның өлі денесінің жанында қуанып тұрғаны көрсетіледі. Ал екінші видеода өлі зебраны көлікке басып жатқан қара нәсілділер бейнеленеді. Видеоға түсіріп тұрған қазақ болса, «кешке етін асып, қазы-қарта жейміз» деп қарқ-қарқ күледі.
Аталған азаматтардың әзірге кім екені белгісіз. Сондай-ақ олар заңды аң аулап жүр ма, әлде жоқ па, ол жағы да беймәлім. Алайда қазақтардың зебра етін жейтіндігі көпшілікті таңғалдырып отыр
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!