Әзілкеш Қанат Әлжаппаров айықтыру орталығында екі күн жатып, емделіп шыққаны туралы Ұйқым келмейді бағдарламасында айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сұхбат барысында «Әзіл әлемі» театрының мүшесі Қанат Әлжаппаров басынан өткен қызық оқиғаларын бөлісті. Тіпті айықтыру мекемесінде екі күн емделіп шыққанын да жасырмады.

«Осыдан 15 жыл бұрын менің Нұргүл есімді қызбен, қазіргі әйеліммен шаңырақ көтердім. Қызылорда да Мәдениет үйінде атойлатып той жасадық. Түрлі өнер адамдары келіп қолдап құттықтап кетті. Ал екі күндік айықтыруға келер болсақ, ол бір қызық болды. Сол күні той тойлап жүргенде көрші ауылдың балалары келді құттықтап. Тойдан кейін у-шу шығып, түсініспеушіліктер болып арты төбелеске айналды. Енді кішігірім ішімдіктен ұрттағанымыз бар, сонымен не керек, бәрімізді ұстап алып кетті. Менің өзім екі күн айықтыру мекемесінде жатып шықтым», – дейді Қанат Әлжаппаров.

Одан өзге әзілкеш тікелей эфирде жарына хабарласып, жастық шағын еске алып, сезімін білдірді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!