Apple компаниясы ақылды көзәйнектің екін­шісін шығаруға кірісті. Алдын ала болжамға қа­рағанда, өнім 2022 жылы дайын болады. Бұл жайлы техноинсайдер Роберт Скобл хабарлады.

Өнімнің атауы – Apple Glass AR. Гарнитураның дисплейі бар. Қоршаған ортаны Lidar техно­логия­сы арқылы өзгеше көрсетеді. Сол үшін арнайы бағдарлама жасалған. Гарнитура кәдімгі көзәйнекке ұқсайды, арнайы орнатылған линзасы бар. Электронды компонент пен аккуму­лятор орнатылады. 

Ақылды көзәйнек iPod плеерімен бірге ұсыны­лады. Ол да келесі жылы жарыққа шығады. Құрылғы музыканы виртуалды шындық эффектісімен бірге қосуға, сол арқылы әуен тыңдауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, құрылғы келесі жылы жазда шығады деп күтілуде. Бірақ нақты бағасы мен қай уақытта сатылымға шығатыны белгісіз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!