Тоқты
Аптаның алғашқы жартысында әр сөзіңізге абай болып, айналадағылармен барынша әдепті қарым-қатынас жасаңыз. Аптаның барлық күні сауда-саттық жасауға сәтті. Қаржылық операцияларды жүзеге асыру қажет болса, дүйсенбінің еншісіне қалдырыңыз. Ал сәрсенбіні жақындарыңыз бен сүйікті жанға арнаңыз.

Торпақ
Аптада барынша белсенді болыңыз. Сейсенбі мен сәрсенбіде ақырын жүріп, аңдап басыңыз, қастық қылғысы келгендер қақпан құруы мүмкін. Ал қалған күндерді оңаша өткізгеніңіз өзіңізге жақсы.

Егіздер
Жұлдыздар сізге апта бойы қаржылық мәселелерде ерекше сақ болуға кеңес береді. Маңызды шаруаларыңыз болса, ол жайында ешкімді құлақтандырмай, үнсіз тындырыңыз. Апта соңында қызметтік міндеттеріңізді мүлтіксіз атқаруға тырысыңыз. Бұл күндері мансап баспалдағымен өрлеуге ықпалы тиетін істер күтіп тұр.

Шаян
Реніш пен дау-жанжал жүрген жердің барлығынан іргеңізді аулақ салыңыз. Бейсенбі мен жұмада жағымды әрі тиімді іскерлік кездесу, іссапар немесе туыстармен әңгіме-дүкен күтуде.

Арыстан
Әріптестермен арақатынасыңызға назар аударғаныңыз жөн. Жұманы жақын-жуық, туыстарға арнаңыз. Ал сенбіні саяхатқа шығып не жаңа білім алу жолына жұмсасаңыз, сәтті болмақ.

Бикеш
Апта іскерлік белсенділік таныту мен іссапарға шығу үшін қолайлы. Бейсенбі мен жұма – іскерлік серіктестікті арттырып, ымыраға келу, келісімшартқа қол қою үшін таптырмас күндер.

Таразы
Аптада көлемді қаржы жұмсауды керек ететін жағдайлар орын алады. Оның отбасы, үй-тұрмысқа қатысты болу мүмкіндігі жоғары. Бейсенбі-жұма күндері қызметтік қарым-қатынастарды нығайта түсуге қолайлы болмақ, қапы қалмаңыз. Сондай-ақ бұл күндер ұсақ-түйек қажеттіліктер, денсаулыққа пайдалы заттар сатып алуға да сәтті.

Сарышаян
Үй шаруаларын тындыруға кірісе беруіңізге болады. Сейсенбі мен сәрсенбіде әріптестеріңізбен барынша әдепті әңгімелесіңіз. Тырнақ астынан кір іздеушілер әр сөзіңізді бағатын болады. Іскерлік кездесулер мен шығармашылық жұмыспен айналысуға ең сәтті күн – бейсенбі.

Мерген
Апта бойы ескі дос-таныстармен ұшырасып, хабарласу жиі орын алады. Сәрсенбі мен жұма күндерінің аралығы үй шаруашылығын қолға алу мен сауда-саттық жасауға қолайлы. Сенбіні сәтті өткізгіңіз келсе, интеллектіңізді арттырып, жаңа білім алуға, шығармашылығыңызды шыңдауға, туыстармен әңгіме-дүкен құруға талпыныңыз.

Тауешкі
Алдағы аптада іскерлік белсенділігіңіз арта түседі. Бұл күндер туған-туыстармен тығыз қарым-қатынас жасауға да қолайлы. Тек қалтаңыздағы қаражатқа мұқият болып, құмар ойындарынан алыс жүрсеңіз болғаны.

Суқұйғыш
Аптаның бірінші жартысы жаңа бастамаларды қолға алып, тұрмыстық мәселелерді шешуге қолайлы болмақ. Бұл күндері сапарға шығуға тиіс болсаңыз, жолда барынша сақтық танытыңыз. Сауда-саттық жасау мен мансап баспалдағымен жоғары өрлеу үшін ең сәтті күндер – бейсенбі-жұма.

Балықтар
Апта бойында қаржылық мәселелерді шешуде асығыстыққа бой алдырмаңыз. Бейсенбі мен жұма – жаңа бастама мен маңызды адамдармен кездесу ұйымдастыруға арналған күндер. Ал сауда орындарын аралап, зат сатып алуды сенбінің еншісіне қалдырыңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!