Тоқты
Бұл аптада сізге демалуға уақыт жетпейді. Бизнесте қаржылық шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Өйткені сізге заттың істен шығуы немесе күтпеген жерден орын алған келеңсіз жағдайды түзету қажет болады. Өндірістің барысы біркелкі жағдайды, бірде кәсібіңіз тұрып қалса, бірде келген адамдардың ығына төтеп бере алмай қаласыз. Бәрін уақыттың еншісіне қалдырған дұрыс. Жұлдыздар сізге жаңа жұмысқа ауысуға, үй алып немесе баспанаңызға жөндеу жұмыстарын жасауға кеңес бермейді.

Торпақ
Аптада бірігіп істеген жобалар алға қарай жылжып, қаржылай табыс әкеледі. Түрлі жағдайға байланысты адамдармен көп араласасыз. Бұл аптаны жалғыздықта өткізбеген дұрыс. Шығармашылық қабілетіңізді көрсетуден тартынбаңыз. Егер біреумен көңіл жарастыруды ойлап жүрсеңіз, апта сіз үшін таптырмас уақыт.

Егіз
Жылдам шешім қабылдаудан сақ болған жөн. Бұл уақытта керісінше, маңызды дүниелерді жақындармен талқылап, ақпаратты тексеріп, барынша мұқияттылық танытуы керек. Жұмыстың жемісін күтуіңізге тура келеді, ал нәтиженің көрінуі сіздің еңбекқорлығыңыз бен қабілетіңізге байланысты болмақ. Байыпты, байсалды істерге бет бұрыңыз. Аптада әр істің тереңіне жетіп, жұмысыңызды басқа қырынан танисыз. Басшылықпен және әріптестермен қарым-қатынаста эмоцияға берілмеңіз, өйткені олардың тарапынан түсінбеушіліктің орын алуы ғажап емес.

Шаян
Қабілетіңізді көрсету үшін апта таптырмас уақыт. Соның арқасында шығармашылық белестерге жетесіз. Жомарттығыңыз бен өмір сүруге деген құштарлығыңыз айналаңыздағыларға қуат беріп, жағымды эмоция сыйлайды. Ең ауыр мәселенің шешімі тез табылады. Өзіңіз мақсат еткен нәтижеге жетіп, барлығының назары сізге ауады.

Арыстан
Аптаның бірінші жартысында шығармашылық және іскерлік белсенділік таныту қолайлы болмақ. Өз көзқарасыңызды дәлелдеп, өмірлік ұстанымыңызды бекітуге мүмкіндік туады. Балаларыңызбен, жақын туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз жанданады. Алайда аптаның ортасында жұмысыңызда біраз қиындықтар орын алады. Әріптестеріңіздің наразылығына кезігуіңіз мүмкін.

Бикеш
«Қысқа әрі нұсқа» ұстанымы жетістік сыйлайтын негізгі қағида болады. Ең қиын деген сұрақтың шешімін табатын мүмкіндікке ие боласыз. Жұмыс кестесіне мән берген жөн, әйтпесе, біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан ұсақ-түйек пен ұқыптылық жайлы ұмытпаңыз. Іскерлік әңгімелесу барысында тақырып аясынан ауытқымаған дұрыс, бұдан бөлек, арақашықтық пен белгілі бір ережені ескеріңіз. Осы аптада мансабыңыз, беделіңіз, кәсіби және әлеуметтік жетістігіңіз жайлы ойланып, ой түйетін сәт туады.
Таразы
Ақпан – кәсіби біліктілігіңізді арттыратын түрлі курстардан өтуге таптырмас кез. Өзіңіз кезігетін барлық ақпаратты саралаңыз, себебі алдағы уақытта бұл мәліметтер сізге пайдалы әрі қажет болады. Кішкентай қателік үлкен мәселеге айнаулы мүмкін, сондықтан осы апта мұқият болыңыз. Мақсатыңызға жету үшін жұмыста белсенділік, кәсіби жауапкершілігіңізді барынша көрсетіңіз. Кәсіби мақсатта жиі әңгімелесесіз. Осы кезең алдағы жоспарларыңыз бен өмірлік мақсаттарыңыз жайлы ойлану үшін жақсы уақыт болады.

Сарышаян
Апта сіз үшін демалыс пен саяхаттауға келмейді: жұмысыңыз көбейіп, бұған дейінгі жобаларды түзетуге тура келеді. Ал ісіңізде белсенділік танытпасаңыз, тіпті, жұмыстан шығып қалуыңыз да ғажап емес. Сапарларыңыз тек жұмыс бабымен болған дұрыс. Кәсіби біліктілігіңізді көрсетуге және түрлі іскерлік курстардан өтуге мүмкіндік туады. Серіктестеріңізге арқа сүйемегеніңіз жөн, өйткені олар сіздің үмітіңізді ақтамауы мүмкін.

Мерген
Жаңа мамандыққа ауысуға, кәсібіңізге өндіріс деңгейін арттыру үшін өзгеше серпін сыйлауға қолайлы уақыт. Бұған қоса келіссөздер, ақпаратпен жұмыс істеуге, оқуға және сапар шегуге қолайлы жағдай туады. Жұмыста орын алған кез келген мәселені түйсігіңіз арқылы шеше аласыз. Маңызды құжаттарға қол қою үшін, келісімшарттар жасау үшін осы уақытты пайдалансаңыз болады. Дене шынықтыру мен физикалық қозғалысты талап ететін еңбектен өзіңізді аулақ ұстаңыз: бет, бас, омыртқа жарақатын алу және жүрегіңізге ауыртпалық түсіру қаупі бар.

Тауешкі
Апта сіз үшін ойыңызды мазалаған сұрақтардың жауабын табуға және интеллектуалды жұмысқа арналған. Сіз басшылықпен, тіпті, билік өкілдерімен келісімге келіп, жобаларыңызды іске асырып, позицияңызды көрсете аласыз. Осы уақытта түйгеніңіз көпке дейін есіңізде сақталып, пайдаңызға жарайды.

Суқұйғыш
Іскерлік байланыс артып, бұрын кездеспеген адамдармен танысасыз, өз кезегінде жаңа танысулар сіздің кәсіби мансабыңызға әсер етеді. Құжаттармен жұмыс шаршатады, бірақ ақыры сәтті аяқталады. Бір айта кетерлігі, өзіңіздің әлсіз тұстарыңызға көз жұмып, басқаларының өзіңіз туралы ойын естуге құштар боласыз. Дегенмен жұлдыздар осы тұста абай болуға кеңес береді. Өзіңізді көп мақтай беруге болмайды. Егер сабырлық танытсаңыз, ісіңіз өрге домалап, тіпті, басшылықтың ризалығын ала аласыз.

Балықтар
Өзіңізді дамытуға, белсенділік танытуға қолайлы кезең. Сіздің қолыңыздан бәрі келіп, бірқатар артықшылықтарға ие боласыз. Дегенмен бұл жағдай айналаңыздағылардың қызғанышын тудыруы мүмкін. Беделіңіз өседі, дегенмен пікірлердің келіспеушілігі орын алып, басқаларымен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Ресми органдармен сөз таластырмаңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!