Тоқты
Көп уақытты серуендеп, көңіл көтеруге арнаңыз. Қиын күндерді ұмытып, жаңа күнге жаңа көзқараспен қараңыз. Бұл апта сіз үшін өте маңызды, сондықтан шешімді асықпай қабылдау керек.

Торпақ
Аптада жоспарыңыз түгел орындалады. Сол себепті уақытты үнемдеген жөн. Сізді ерекше мүмкіндік күтіп тұр.

Егіз
Уақы­тыңызды текке өткізе бермеңіз. Батыл әрі нақты сөйлеңіз, бір нәрсені ойласаңыз, соны міндетті түрде орын­дауға тырысыңыз.

Шаян
«Жұмыс, карьера» деп өзіңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдардан еш қорықпай, батыл бола түсіңіз. Ойыңызға келген мақсатты нақты жоспарлап, орындай біліңіз. Жаныңыз қалаған нәрсені жасауға тырысыңыз.

Арыстан
Сізді маңызды кездесу күтіп тұр. Сондықтан жүрген жүрісіңізге де, киген киіміңізге де аса мән берген жөн. Қызметіңіз жоғарылап, көп жетістіктерге жетесіз.

Бикеш
Жақыныңызға сізден көмек керек болады, сондықтан қасында болғаныңыз жөн. Егер кездесу орын алса, ол сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін. Апта соңында күтпеген тосын сый болғалы тұр.

Таразы
Жос­парыңыздың көп бөлігі орындалайын деп тұр. Егер тырыс­саңыз, керемет жұмыс тауып қалуыңыз мүмкін. Жақын жандардан да көмек сұраған жөн.

Сарышаян
Айыңыз оңынан туып, жұлдызыңыз жарқырайтын күн алыс емес. Жақындарыңыз қолдау көрсетіп, өзіңізді тағы бір қырыңыздан көрсететін кез туды. Егер осы бетіңізден таймасаңыз, аз күнде биіктен көрінетініңіз анық.

Мерген
Махаббатта жолыңыз болады. Тек жүрегіңізді тыңдаңыз. Қаражат жағынан қиындық туындауы ықтимал. Сондықтан ақшаны үнемдеп жұмсаңыз.

Тауешкі
Қаражат жағы қалтаңызды жұқартуы мүмкін. Қиындық туындауы да ғажап емес. Жақын арада пайдаға шығуды ойлаған жөн.

Суқұйғыш
Өз күшіңізге сеніңіз, әлі талай белесті бағындырасыз. Тек жоспарды бір пысықтап алыңыз. Отбасылық демалыстың тигізер пайдасы зор болмақ.

Балық
Бұл аптаны отбасыңызбен өткізіңіз. Жұмысты ысырып қойып, жақындардың қасында болыңыз. Өмірдің қызығын сезініп, жылулықтың қадірін түсініңіз. Апта сіз ойлағаннан да қызықты өтеді.

сурет ғаламтордан алынды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!