фото: ашық дереккөзден алынды
Көп адам көбірек табыс табуды ойлайды, бірақ бар ақшасын дұрыс жұмсай алмаса, табыстың да берекесі болмайды. Қаржыны басқару үшін қарапайым 4 кеңеске назар аударған жөн, деп бөлісті Aikyn.kz.
Біріншіден, кіріс пен шығысты жазып жүр. Күнделікті ұсақ-түйек шығын ай соңында үлкен сомаға айналады. Жазып отырсаң, қай жерде артық кеткеніңді бірден байқайсың.
Екіншіден, қажет пен қалау арасын ажырат. Әр сатып алудың алдында «маған бұл шынымен керек пе?» деп ойлану артық шығыннан сақтайды.
Үшіншіден, табыстың бір бөлігін міндетті түрде жинаққа бөл. Жалақы түскен сәттен-ақ 10%-ын жинақ шотқа жіберу – ұзақ мерзімде сенімді қор қалыптастырады.
Төртіншіден, қарызға тәуелді болма. Несие күнделікті шығынға емес, тек шұғыл жағдайда ғана қолданылуы керек. Әйтпесе болашақ табысыңды қазірден-ақ жұмсап қоясың.
Ақшаны басқаруды үйренген адам ғана оны көбейте алады. Қарапайым 4 кеңесті ұстансаң, табысқа жол ашылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!