Фото freepik

Ғалымдар ақыл есінен айырылған (деменция) немесе шизофрения секілді сырқатқа шалдыққан науқастардың неліктен өлер алдында барлығын есіне түсіріп, қалыпты жағдайға келетінін зерттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өлер алдында әдетте, деменциямен ауыратындар қайтадан ақылға қонымды дүниелерді айтып, бәрін есіне түсіреді. Ғалымдар бұл құбылысты сананың «терминалды» немесе «шекті» айқындығы деп атады. 

Деменцияға шалдыққан адамның миындағы естеліктер жойылып, мінез-құлқы бұзылады. Бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Бірақ ХІХ ғасырда деменциямен ауыратын кейбір науқастардың кенеттен бәрі есіне түскені туралы дәлелдер болды. Олар дұрыс сөйлеп, жақындарын қайтадан таныған, естеліктерімен бөлісіп, әзілдесіп әңгімелескен. Сол кезде олардың туыстары сауығып кетеді деп үміттенген. Алайда көп жағдайда бұл керісінше қаза мен аяқталған.

Зерттеушілер терминалды зейіннің себептері әлі анық емес екенін атап өтті. Алайда, кейбір жағдайларда ұқсас жағдай менингит, шизофрения, ми ісіктері немесе бас миының жарақаты сияқты миға немесе ойлау қабілетіне әсер ететін ауруларда пайда болады.

Монаш университетінің Тернер ми және психикалық денсаулық институтының профессоры Йен Ин Лимнің бағалауы бойынша, сананың осы қысқа мерзімді анықтығын сезінетін адамдардың 43 пайызы 24 сағат ішінде, ал 84 пайызы бір апта ішінде өлетінін жеткізді.

2009 жылы зерттеушілер бұл көп жағдайда науқастың жедел өлімінің белгісі екенін атап өтті. Әрине, ғылымда адамның ақыл ойы қайта орнына келіп, кейін ұзақ өмір сүрген де жағдайлар орын алған.

«Бұл кейде»парадоксалды айқындық» деп аталады. Бұл деменция сияқты нейродегенеративті аурулардың күтілетін ағымына қарсы болғандықтан қарастырылады. Бірақ өкінішке орай, бұл уақытша және ешқашан ауруды емдейді деген негіз жоқ», – деп түсіндіреді клиникалық нейропсихология ғылымдарының кандидаты, Монаш университетінің психологы Дини Томсон.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!