Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы да алуға болады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.


Өтінімде баланың аты-жөні мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдайсыз.


Өтінімді берген кезде ата-аналар қосымшада бейнетексеруден өтеді – смартфон камерасына бет-әлпетіңізді көрсету қажет. Бұл сіздің құжаттарыңызға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін жасалған.


Сондай-ақ Egov.kz электронды үкімет порталында құжатты онлайн рәсімдеуге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!