Тышқан

Бұл – бұрыннан қол жеткізе алмай жүрген арман-мақсатты жүзеге асыруға таптырмас жыл. Алайда, алаңғасарлыққа жол бермей, өз жоспарыңызды мұқият ойластырыңыз. Бұл жылы дүниеге келгеннің көбісі білектің күшімен емес, ақылмен жасайтын жұмыстан көбірек табыс табады. Жылдың орта тұсында кей өзінің ұйымдастырушылық қабілетін бар қырынан ашып көрсетеді.

Отбасы мен махаббат

Сіз жақын адамдардың жанында боласыз. Олардың пікіріне құлақ асып, шешіміне түсіністікпен қараңыз. Олар сіздің сеніміңізді міндетті түрде ақтайтын болады. Жұбайыңыздан жыл соңында керемет сыйлық күтіңіз.    

Мансап пен қаржы

Қаржылық тұрғыда аса қинала қоймайсыз. Тек жыл басында аздап таршылық көруіңіз мүмкін. Тек байбалам салып, қарызға батып кетпесеңіз, бұл қиындықтан жылдам құтыла аласыз.

Сиыр

Шығармашылық қырыңыз ісіңіздің алға өрлеуіне көмек­теседі. Барыс жылы – жұмыс ауыстырудың, материалдық ахуалыңызды көтерудің ең оңтайлы уақыты. Жалпы, бір шешім шығару үшін мың толғанып, нақты мақсат қойсаңыз, тау қопаруға қайратыңыз жетеді.

Отбасы мен махаббат

Отбасылы жандарды тағы бір «бал айы» күтіп тұр. Сол секілді бала күтіп жүргендердің арманы орындалмақ. Ал бойдақ жандар өз теңін табуға жақсы мүмкіндік бар. Тек үйде отыра бермей, жиі қыдырып тұрыңыз. Жыл бақытты сәттерге толы болмақ.

Мансап пен қаражат

Нақты қойылған мақсат биікке шығарады. «Міндеттелген» жұмыстар мен «осылай істелуі керек» деген тапсырмадан жақсылық күтпеңіз. Көп жұмысты атқаруға өзіңіздің қабілетіңіз де жетіп жатыр. Сізді іс-сапарлар мен үйден тыс жатқан жобалар күтіп тұр. Алғашқы жарты жылдықта қаржылық жағынан тұрақсыздық болады. Абыржымаңыз, шілде айнына бастап, бәрі реттеледі.

Барыс

Жыл иесі еңбексүйгіш жандарға құшағын ашпақ. Осы қасиетіңіз арқылы қолдаушылар да жеткілікті болады. Бұл жылы сіздерге өткір ақыл, аңғарымпаздық сияқты қабілеттер қажет. Сонымен қатар, айналаңыздағылар сіздің ақылыңызға көп жүгініп, жол сұрамақ.

Отбасы мен махаббат

Кітапхана, театр, көрме секілді орындарға жиі барғаныңыз жақсы. Сіздің жүрегіңіздің иесі сонда жүрген де болар. Ал 35 жастан асқан отбасылыларда ешқандай мәселе жоқ. Олардың үйінде бақыт құсы жыл бойы қонақтайды. Ал 35-ке дейінгілер өздерінің эмоцияларын басқара алмауының кесірінен сүйіктілерін жиі ренжітіп алуы мүмкін. Өз-өзіңізді ұстап, бақыттың бетін қайтара бермеңіз.

Мансап пен қаражат

Артық проблемаға жолықпас үшін құмар ойындар мен күдік тудыратын жобадан аулақ болыңыз. Өзіңіздің аңғалдығыңызды біле тұра, елдің бәріне сене бермеңіз. Сенгіштігіңіздің кесірінен алаяқтарға тап болуыңыз әбден мүмкін.

Қоян

2022 жыл позитив сыйлайды. Алайда, көздеген мақсатқа жету үшін барынша еңбе­ктену керек. Оның жемісін жыл соңында көретін боласыз. Кейбір жандар өз кәсібін ауыстырса, бірі қаланы, бірі имиджін өзгертеді. Өз ақы­лыңызға ғана арқа сүйеп, тани қоймаған ада­мы­ңызбен байланыс орнатудан аулақ болыңыз. Бастысы таусылмас күш пен қажыр­лы қайрат қана сіздің екі қанатыңыз болып, алға жетелейді.

Отбасы мен махаббат

2022 жыл отбасы құруға ыңғайлы болмақ. Ал отбасылы жанның бірі бақыттың бесігінде тербелсе, кейбірі нағыз ғажайып өмірге тап болады.

Мансап пен қаражат

Барыс жылы әртүрлі жағдаяттың арасынан баланс іздеуді талап етеді. Жұмысқа кіріп кетпей, отбасыға көңіл бөліп отыру керек. Айналаңызда сенімді адамдар болса, қызметте жетістіктер күтіп тұр. Басшылық еңбекқор жандарды бағалайды. Жұмыс іздеп жүргенге жақсы қызметке орналасу мүмкіндігі бар.

Ұлу

Айналаңызда болып жатқан оқиға­лар сізге әсер етеді. Сондықтан бай­сал­ды болып, эмоцияға берік қарап, оптимизммен достасып алыңыз. Көп­теген жандар бұл жылы жаңа қызметке ие болып, қаржылық мәселеңізді рет­теп, ескі арманыңызды жүзеге асырасыз. Қай салада болмасын өзіңіздің потен­циалды көрсетсеңіз, абырой-атақ пен жақсы жалақы күтіп тұр.

Отбасы мен махаббат

Бойдақ жандарда жаңа таныстық міндетті түрде бо­ла­ды. Сол үшін қазірден бастап, сыртқы имиджге назар аудара беріңіз. Отбасылы жандарға Барыс жылы сезім толы тостаған ұсынды. Тек уысыңыздан шығарып алма­ңыз.

Мансап пен қаражат

Алға ұмтылушылығыңыз бен еңбексүйгіштігіңіз қаржылық жағдайды тұрақты етеді. Көп табыс жаңа заттарды алуға деген қызығушылығыңызды тым оятып жіберу мүмкін. Үнемдеуді үйреніп, инвестициялық жобаға иек артуыңыз керек. Құмар ойыннан сақтаныңыз. 2022 жылы жіберген кішкентай кемшілігіңіз сізді үлкен қаржылық қиындықтың аузында қалдырады.

Жылан

Өмірді өзгертуге көптеген мүмкіндіктер беріледі, бірақ оны пайдалану өз қолыңызда. Жұлдыздар мансабыңыздан бөлек, сыртқы келбетіңізге де көңіл бөлуге кеңес береді. 2022 жылы ақылға жүгінген жұмыстарда сіздің фантастикалық идеяны іске асыруға көмегі болады. Көбі ғылым, бизнес пен саясатта жоғары жетістікке жетеді. Бұл жыл болашақты жоспарлаудың тиімді жолын ұсынады.

Отбасы мен махаббат

Мықты дамыған интуицияңыз сізге қажет адамды дәл тауып береді. Отбасылы жандар үшін 2022 жылдың басты проблемасы қызғаныш болуы мүмкін. Сол сияқты бала тәрбиесінде де қиындықтар кездеседі.

Мансап пен қаражат

2022 жылы қаржы, ғылым, ІТ-технологияда қызмет ететіндердің жұлдызы жанады. Сол сияқты жерге, ауыл шаруашылығына қатысты кәсіп табысты болмақ. Ал қаржылық тұрақтылығыңыз бұл күнге дейінгі табысыңызға тікелей байланысты. Жарты жылдықта табыстың көлемі ұлғаймағанмен, жаз мезгілінен бастап, қалтаңыз қалыңдай түспек.

Жылқы

2022 жылы жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, алға ұмтылушылық пен жауапкершілік аса қажет болады. Уақытыңызды босқа өткізбей, пайдалы істерге жұмсасаңыз жыл соңында жақсы жетістік күтіп тұр. Бұл жылда жаныңызды ауыртатын шешімдер шығаруға тура келетін сәттер болады. Екінші жарты жылдықта өміріңізді түбегейлі өзгертетін, жоспарыңызда болмаған жағдаяттар тууы ықтимал. Басты ұраныңыз «биыл не ексем, келесі жылы соны орамын» болсын.

Отбасы мен махаббат

Барыс жартысын іздеген жандарға «сыйлық» дайындады. Егер қарым-қатынасыңызда шиеленіс болып, кетудің ыңғайын таппай жүрсеңіз, ойланбаңыз. Бұл жағдайды жеңіл өткізетіңізге уәде береміз (мұндай қадамды он ойланып барып жасаңыз). Тек жұмысқа берілген отбасында ұрыстың ұшы шығуы мүмкін. Сол үшін жақын жандарыңызға көбірек уақыт бөліңіз.

Мансап пен қаражат

Бұл жылы жұмысыңыз жетерлік болады. Оның өтемақысы да жақсы екеніне күмән жоқ. 2022 жыл сіздің есіңізде өте сәтті уақыттың белгісі ретінде қалады. Қызметіңіз өсу де мүмкін. Басқа да жүктелген жұмыстардан қашпаңыз. Кәсіпкерлікті көздеп жүргендерге – жасыл түс. Еш қорықпай өз қабілетіңізді бизнесте сынаңыз. Еңбегіңізге қарай, жеңісіңіз көп болады.

Қой

2022 жыл жақсы жаңалықтар әкелмек. Бірақ, ол үшін барын­ша күш-жігеріңізді жұмсауыңыз керек. Жауапкершілікті бойы­ңызға дарыта білсеңіз, жұмыста да, жеке өміріңізде де ісіңіз алға өрлейді.

Отбасы мен махаббат

Айналаңызда көз салып жүрген адамдар көп. Ол жалғыз­бастылар үшін таңдауда қиындық туғызса, отбасылы жандар­дың қарым-қатынасына кері әсер етеді. Қызғанышқа жол бермеңіз. Өмірлік серігіңізбен бірге жасалған қадам жанұялық іргеңіздің бекуіне ықпал етпек. Бойдақ жандар таңдауда көп бас ауыртып, нақты шешім шығара алмай қамығуы мүмкін. Жүрегіңізді тыңдаңыз, асықпаңыз. Шалыс қадам шырқыңызды бұзады.

Мансап пен қаражат

2022 жылы қаржылық тапшылық көрмейсіз. Аспа-төк байлыққа кенелмесе де, үнемдеп жүрудің қажеті болмайды. Ол үшін әрине қажырлы жұмыс істей білу керек. Кез келген сәтсіздіктен тоқтап қалатындардың күні қараң. Бастаған ісіңізді міндетті түрде соңына дейін жеткізіңіз. Табыс сіздің табандылығыңызда жатыр. Айналаңыздағыларға аса сақтықпен қараңыз. Сіздің еңбегіңіздің арқасында пайда көргісі келетіндер шығуы мүмкін.

Мешін

2022 жылы шығармашылық пен махаббат тұрғысы­нан сәтті болмақ. Әртүрлі оқиғалардың ағылып келуі сізден сақтықты талап етпек. Егер ойлағаныңыз болмай жатса, салыңыз суға кетпесін. Өзіңізге аз-кем уақыт беріп, екінші рет қайталап көріңіз. Күйгелек мінезіңізді өзгертуге тура келеді. 2022 жыл шығармашылық жан­дарды өрге сүйрейді.

Отбасы мен махаббат

Өз жұбыңызды табуға арналған жыл болғалы тұр. Сіздің назды қылығыңыз махаббат әлемінде өз көме­гін тигізеді. Алайда, ондай жанды ойын-сауық орнынан іздемеу керек. Жұлдыздар бұл жылы ондай орындардан біршама аулақ жүруге кеңес береді.

Мансап пен қаражат

2022 жылы белсенділік пен ынта сізді биікке шығарады. Табысқа кенелтетін жаңа жұмыс орны күтіп тұр. Жаңа қызметке бірден кірісіп, әріптесіңізбен тез тіл табысатыныңызға ешкім күмән келтірмейді. Кірістің көп болуы қаржыны оңды-солды жұмсауға итермелеуі мүмкін. Қаржылық жоспар құрып, шығындарға аса мән берген дұрыс.

Тауық

2022 жыл тамаша жетістіктер мен мол табысқа жеткізеді. Әйткенмен, оған жету жолы маңдай терді талап етуі мүмкін. Байсалды болыңыз. Жыл басы аса қиын соғады. Жүктелген міндеттің көптігінен мезі боласыз. Одан қорқудың қажеті жоқ. Көктем бастала сала өміріңізді реттеп, қалаған жұмысыңызбен айналысуға мүмкіндік туып тұр. Капитал салымын көп талап ететін жобаларға жүгірмеуге тырысыңыз.

Отбасы мен махаббат

Отбасы бақытын сақтау үшін қызғаныш пен орынсыз талаптардан аулақ болыңыз. Жақын жандарға ашық әрі шынайы болыңыз. Бұл серігіңізге моральдық қолдау береді. Сол секілді жұлдыздар 2022 жылы шаңырақ көтергендердің некесі берік болатынына уәде береді.

Мансап пен қаражат

Қызметте өзін көрсете алғандарды жақсы табыс күтіп тұр. Тек өзіңіздің еңбекқорлығыңызды бар қырынан ашып көрсету керек. Жұмысыңыз кіріс әкелмей жатса, басқа кәсіппен айналысып көріңіз. Үмітіңіз міндетті түрде ақталмақ.

Ит

Сиыр жылында басталған ісіңізді Барыс жылында ешқандай проблемасыз жалғастыра бересіз. Тұрақтылыққа үй­рен­­ген жандар өмір сүру ырғағын аз­дап өзгер­туіне тура келеді. Жұмыста не отба­сыда кикілжіңдер туындап жатса, ақылыңыз бен шыдамдылығыңызға се­нім артыңыз.

Отбасы мен махаббат

Перзент сүюді ойлап жүргендердің арманы жүзеге асады. Барыс жылында туған бала интеллекті жоғары, жігерлі, интуициясы дамыған болады дейді. Ал жалғызбастылар саяхатта өз серігін кездестіреді деген болжам жасайды.

Мансап пен қаражат

2022 жылы сіздің қалтаңыз қалыңдайтын жыл. Тек жұмыстағы белсенділігіңіз төмендемесін. Бұрыннан армандап жүрген көлік пен баспаналы боласыз. Жұмыс ауыстыруды көздеп жүргендерге жаңа жол ашылады. Жұлдыздар қызметіңізде жаңа жетістіктер күтіп тұр.

Доңыз

Доңыз жылы туғандардың айы оңынан тумақ. Оған таң қалудың еш қажеті жоқ. Сіздің сарқылмайтын оптимизміңіз, жеңіл әзілдеріңіз бен еңсеңіздің ешқашан түспейтіндігі бұл жылы көп кедергілерге төтеп беруге жәрдемдеспек.

Отбасы мен махаббат

Сіз отбасыныздағы тұрақтылықты жоғары қоясыз. Жақын жандарыңызға көңіл бөліп, сезім беріктігін сақтай түсіңіз. Сонымен қатар, үй айналасын жасыл белбеуге айналдыруға ықыласыңыз ауады. Бала сүйе алмай жүргендер армандарына жетпек. Ал бойдақ жандар жанына қажет адамды іздеуге аса жауапкершілікпен қарасын. Иммиджін өзгертіп, спортзалға жазылудың пайдасы тимек.

Мансап пен қаражат

2022 – сіздің жылыңыз. Күш сала білсеңіз, әріптестеріңіз бен достарыңыздың арасында абыройыңыз артып, қызметте өсу баспалдақтары күтіп тұр. Сіздің болашағыңыз осы жылы жасалған жұмыстарға тікелей байланысты. Хоббиіңіз жақсы кіріспен қамтамасыз етуі ықтимал.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!