Мейрамханалардағы ас мәзірінде әр ұлттың тағамы көрсетілген. Еуропа, өзбек халқының ерекше тамағына қалауыңызға қарай тапсырыс беруге болады. Ал қазақ халқының тағамын ұсынатын асханалар легі аз. Бара қалсаңыз, бешбармақ пен қуырдақтан ары аспайды. Осыны ескерген ресторатор Ақтілек Азатбекұлы «BauyrdaQ» асханалар желісін ашты. Алматыдан бастау алған асхана қазір Шымкент, Тараз, Қызылордадан да іске қосылған. Ерекшелігі қандай?
«BauyrdaQ» бауырсақтан жасалған. Жоғарыда айтып өткендей, ішінде қойдың қуырдағы болады. Бургер пішіндес тағамды көшеде өзіңізбен бірге алып жүруіңізге болады. Жеткізіп беру қызметі де қолға алынған. Тұтынушыларды тарту мақсатында жеңілдіктер де қарастырылған, ұтыс ойындары жүргізіліп тұрады. Тағам түрлеріне қарай берілетін акция бар.
Бизнесті қазір оқып, қазір алып кету қиын. Тәжірибе керек. Бес жыл болсын, он жыл болсын алдымен саралап, сараптап көру маңызды. Басы-қасында жүру керек. Сонда ғана бизнесмен атанасың, ісің өрге домалайды. Бұл – өзіңді дамыту, өзің қолға алған бастамадан нәтиже шығару. Әйтпесе қазір кәсіп ашып, әрі кетсе төрт айдан кейін құлдырап жатқаны көп. Ізденіс пен талпыныстың, шыдамдылықтың рөлі аса зор екенін осыдан білуге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!