Көрнекі сурет: pixabay.com
17 тамызға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынамыз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар. Бүгін ренжітіп алған досыңызбен татуласу үшін таптырмас күн. Оған жылы шырай танытып, достыққа адал, берік екеніңізді айтуды ұмытпаңыз.
Торпақтар. Бүгін сіз жақсы көретін жандарға қолдауыңыз ерекше қажет болуы мүмкін. Олар бұл қолдауды сұрамауы да мүмкін, бірақ кез келген жылы сөз, әрекет үшін риза болары анық.
Егіздер. Бүгін әріптестеріңізбен уақытыңызды тамаша өткізесіз: бұл бизнес-семинар, бейтаныс аймаққа экскурсия немесе достарыңызбен ашық аспан астында демалыс болуы мүмкін. Жаңа таныстарды да назардан тыс қалдырмаңыз. Олардың арасында бойында жақсы дағдылар қалыптасқан, белгілі бір мәселелерді шешуде сізге көмегі тиетін іскер серіктес те болуы мүмкін. Сондай-ақ бүгін отбасылық әл-ауқат жалпы өмір құндылықтары туралы ойға қозғап, отбасыңызбен және жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз. Туыстарыңызбен ашық сөйлесіп, олардың сынын тыңдауға дайын болыңыз.
Шаяндар. Бүгін сүйікті адамыңызбен қарым-қатынаста барынша абай болыңыз. Сүйіктіңізді ренжітіп алмас үшін эмоцияңызды тежеп, ашуға бой алдырмаңыз. Сонымен қатар күнделікті мәселелерді шешу жауапкершілігін туыстарыңызға жүктемеңіз. Отбасыңыздың алдындағы міндеттеріңізді орындауға және туыстарыңызды қолдауға дайын болыңыз.
Арыстандар. Бүгін қарым-қатынаста өзара бір ортақ шешімге келу маңызды. Өз пікіріңізді ғана басшылыққа алып, дауласа бермеңіз.
Бикештер. Бүгін өзіңізді алаңдатып жүрген нәрселерге назар аудармай, бір сәтке дамылдап не болып жатқанын түсіну үшін өзіңізге шағын қаржылық қиындықтарға жол беріңіз. Нәтижесінде әр нәрсенің шешімін табудағы табандылығыңыз сізге пайда әкеліп, ісіңізді жеңілдетуі ғажап емес.
Таразылар. Бүгін дәрігерлерге уақытында хабарласып, профилактикалық тексерістен өтуді қолға алатын күн. Бұл сіздің көңіл-күйіңізді жақсаруына көмектеседі. Сондай-ақ қандай да бір қиындықтар туындаса, онда жеке өміріңіздегі немесе жалпы отбасындағы өзгерістер туралы ойлану қажет.
Сарышаяндар. Бүгін сіз тез байланыс орнатуға болатын, достықты құрметтейтін жақсы адамдарды кездестіресіз. Жаңа таныстық қуаныш пен жан тыныштығын сыйлайды. Бұл үшін ризашылығыңызды білдіріп, алғыс айтуды ұмытпаңыз.
Мергендер. Бүгін серіктесіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Оны көбірек қуантыңыз. Сондай-ақ фитнес клубқа не бассейнге абонемент сатып алып, өзіңізді қуантыңыз. Тұрақты жаттығу режимі ағза үшін, дене сымбатыңызды қалыпта ұстау үшін өте пайдалы.
Тауешкілер. Егер сүйіктіңізге ұсыныс жасауды ойластырып жүрсеңіз, бүгін – ең сәтті күн. Бұл ғашығыңыздың есінде қалар ерекше «романтикалық оқиға» болуы бек мүмкін. Сондай-ақ отбасы мүшелеріне маңызды қаржылық және жеке мәселелерді өз бетімен шешуге мүмкіндік беріңіз, оларға көмектесемін деп яғни артық қыламын деп, тыртық қылып алмаңыз.
Суқұйғыштар. Бүгін бауырларыңызды, жақындарыңызды құттықтауды ұмытпаңыз. Оларға сіздің қолдауыңыз, жылы сөздеріңіз әркез қажет екенін естен шығармаңыз.
Балықтар. Егер сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызға кері әсер ететін факторларды байқасаңыз оны бірінші мүмкіндікте талқылаңыз. Бүгін ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырған әңгімелерді талқылайтын күн. Ал достарыңызға әлсіз тұстарыңызды көрсетуден қорықпаңыз. Бұл мәселелерді шешу кезінде өз қателеріңізді тез түсінуге көмектеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!