Жұлдызды аспан астында тұрған жігіт. Көрнекі фото: pexels.com
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жоспарларыңызды тізетін күнделік жүргізіп отыруға тырысыңыз. Бұл сіздің ұйымдастурышылық қабілетіңіз бен жауапкершілік қасиетіңізді арттыра түседі. Басқалармен қарым-қатынасыңызға үзіліс жасаңыз: сіздің ресурсыңыз шексіз емес, бүгін оны өзіңізге және өз қалауыңызға арнайтын тамаша күн. Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сізді толғандыратын мәселелер бойынша достарыңыздан кеңес сұрауға болмайды. Өзіңізге сеніңіз және өзіңізге уақыт беріңіз, сіз не істеу керектігін білесіз және басқа біреудің пікіріне мұқтаж емессіз. Тыныштықтан, хоббиден ләззат алыңыз немесе кітап оқыңыз. Үйіңіздің қабырғалары жер бетіндегі ең жақсы орын сияқты көрінетін болады. Шам жағу артық етпейді. Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Достарыңызбен көңілді болудан қорықпаңыз. Өзіңізге сыни көзқараспен қарау қарым-қатынасты жеңілдетеді және оны жарқын етеді. Егер өзіңіз әсер ете алмайтын жайтқа алаңдасаңыз – аз да болса қайырымдылық жасаңыз, сонда сіз өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Таза ауада көбірек жүріңіз, бұл сіздің денсаулығыңызға өте жақсы әсер етеді. Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруды, мәселен ірі келісімшарт жасасуды немесе мінезі қиын клиентпен келіссөздер жүргізуді өз мойныңызға алыңыз. Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз болашақта сәтсіздікке жол бермеуге көмектесетін баға жетпес сабақ пен тәжірибе аласыз. Бастысы асықпаңыз, сонда күн жақсы өтеді. Істер өз бағытымен жүрсін. Оқиғалар тез дамып жатқан жоқ, бірақ бәрі жақсы нәтиже береді. Егер сіз ұзақ уақыт бойы үй жұмыстарына кететін уақытты үнемдеудің жолын іздеп жүрсеңіз – үйіңізді тазалауға күніне 15 минут бөлуге тырысыңыз, сонда сіз үйді түгел тазалау үшін бүтіндей бір күн уақытыңызды жоғалтпайтын боласыз. Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өмірлік серігін іздеп жүрген жалғызбастылар болашақ серігінің физикалық және эмоционалды ерекшеліктеріне назар аударуы қажет. Сырт келбетіне ғана емес, мінезіне де назар аударыңыз. Бәлкім ол сізді жібектей жұмсақ мінезімен баурап алатын шығар. Таңертең маңызды мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз, өйткені сіз арандатушылыққа оңай берілесіз. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста ішкі тепе-теңдікті сақтау қиын. Кешке қарай ұсақ-түйекке көп алаңдамайтын боласыз, сондықтан бұл шешім қабылдау үшін ең жақсы уақыт. Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Қазір қолданбай жүрген көйлегіңіз, костюмдеріңіз бен үстіге киетін киіміңізді химиялық тазалауға өткізіңіз. Кейін қажеті болып қалғанда оны тазалатып қойғаныңызға риза боласыз. Жақын адамдарыңызбен өмірлік жоспарларыңызды талқылаңыз, соның арқасында қателіктердің алдын аласыз. Ақшаға қатысты мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз. Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сәндену үшін сылтау іздемеңіз. Киініңіз, макияж жасаңыз және/немесе шаш үлгісін жасаңыз, соның өзі сізге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Өзіңізбен пікірлес адамдарды тауып, олармен біріге аласыз. Жұмысыңызда елеулі нәтижелерге қол жеткізесіз. Жақсы танымайтын адамдармен абай болыңыз. Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Үй шаруасын кейінге қалдырмаңыз, кейін оларға уақытыңыз да, қалауыңыз да болмауы мүмкін. Бүгін жұмыс бойынша кездесулерді тоқтата тұрған дұрыс, жоспарлар мен тапсырмаларды талқылау өнімді болмайды. Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста барлық жауапкершілікті серіктесіңізге артпаңыз. Жағымды тосынсый дайындаңыз, араңыз суып кетпеуі үшін қолдан келгенді аямаңыз. Қарым-қатынасты бұзбау үшін туыстарыңызбен жанжалдаспаңыз. Бірге демалып, уақытты қызықты етіп өткізген дұрыс. Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін балаларыңызға қаталдық танытпаңыз. Бұл олардың сізге деген көзқарасына жақсы әсер етпейді. Жұмыс күнінен кейін жаттығу залына барыңыз, бүгінгі жаттығу сізге ләззат сыйлайды. Жеңіл кешкі астың рационына жеміс қосыңыз. Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Егер кейінге қалдырып жүрген немесе орындауға батылыңыз жетпеген қалауыңыз болса, бүгін оны орындау үшін ең жақсы күн. Егер салмақ тастағыңыз келсе, бірақ өміріңізді тіскебасарсыз елестете алмасаңыз, оларды пайдалы етіңіз. Оның орнына алдыңызға әдемі туралған көкөністердің үлкен тарелкасын қойыңыз, ал күннің соңына қарай сіздің бойыңызда артық калория емес, дәрумендердің күнделікті дозасы болады.
дереккөз: kaz.nur.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!