Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Кез келген адамнан жау іздемеңіз, адамдар сізге шынайылық танытады. Ортақ идеяларды қолдайтындарға жақын болыңыз, жоспар құрыңыз. Жақындарыңызбен жанжалдаспауға тырысыңыз. Жағымсыз салдары болуы ғажап емес. Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста жаңа деңгейге өту мүмкіндігі бар: бастаманы өз қолыңызға алыңыз, бірақ серіктесіңізге қысым жасамаңыз. Позитивті күн болады, бірақ күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Кешті жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құруға, телешоулар мен шай ішуге арнаңыз. Әңгімелесу барысында маңызды дүниелерді талқылаудан аулақ болыңыз. Күн достармен және әріптестермен қарым-қатынас жасауға қолайлы болады. Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін алдын ала жазылусыз экспресс маникюрге бару үшін қолайлы күн: нәтижесі мен сапасы сізді қуантады. Созылмалы шаршау сізге бүгін өз пайдсын тигізуі мүмкін, демалып, қалыпқа келу үшін уақыт бөліңіз. Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, алаңдамаңыз: бұл уақытша құбылыс. Дәрумендер ішіңіз, ал кешке шай ішіңіз. Қарым-қатынаста мейірім танытыңыз және жомарттығыңызды көрсетіңіз, бұл арақатынасты жақсартады. Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Үйде бәріне үлгергіңіз келсе, FlyLady атты үй шаруасын дөңгелетуге бағытталған арнайы жүйені байқап көріңіз. Достарыңызды ренжітіп алмаңыз, бүгін қандай эмоционалды күйде болсаңыз да, олар сіздің проблемаларыңызға кінәлі емес. Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Арқадағы ауырсынудың себебін білу үшін хирургқа барыңыз. Сізге массаж, су процедуралары секілді бірқатар ем түрі қажет болуы да мүмкін. Демалып, сергіп алыңыз. Күн қайырлы болады, сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз. Ағымдағы істерге назар аударыңыз. Болашақты ойлаңыз, ұзақ мерзімді жоспарлар жасаңыз. Жобаны аяқтаңыз. Нәтиже күткеннен де жақсы болады. Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін еш себепсіз сәндену үшін тамаша күн, жай ғана көңіл-күйіңізді көтеру және айналаңызды өзіңізге тәнті қылу үшін оңтайлы күн. Күлкі өмірді ұзартады – көтеріңкі көңіл-күйде болуды, әзілдеуді ұмытпаңыз. Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Күн жарқын және оқиғаларға толы болады. Қызықты және ерекше ұсыныстар болуы мүмкін. Егер сіз оларды қабылдасаңыз, онда өміріңіз жақсы жаққа өзгереді. Жолыңызда оңай жеңуге болатын кедергілер болады. Бұл сіздің батылдық және шығармашылық қабілетіңізді ашуға мүмкіндік береді. Ароматерапия және шөп шайы ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға көмектеседі. Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жақын адамыңызға себепсіз кішкентай болса да, сыйлық жасаңыз, бұл оны шексіз қуантады және қарым-қатынасыңызды нығайтады. Сізді ұзақ жылдар бойы қолдаған достарыңызды бағалаңыз және олардың ескі кемшіліктеріне көз жұма қараңыз. Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Әлеуметтік желілерде жағымсыз пікір қалдырушыларды қара тізімге енгізуге дайын болыңыз. Олардың айтқанын жүрекке жақын қабылдамаңыз, олар мұны қызғаныштан айтып отыр. Егер сізге үйде немесе жаттығу залында жаттығуды бастау үшін белгі қажет болса – міне. Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Жуғаннан кейін киімді қалай кептіретініңізге назар аударыңыз: егер сіз киімді кептіргіште ілместен бұрын дымқыл күйінде сілкіп, тіктеп шықсаңыз, кейін киміді үтіктеуге уақыт жоғалтпайсыз. Кешке дүкендерді аралап көріңіз, сауда сәтті болады.

Дереккөз: kaz.nur.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!