Мамандардың айтуынша, ересек адам күніне шамамен 200 грамм шие тұтына алады, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Алайда, ішектің тітіркену синдромы немесе қант диабеті бар жандар үшін бұл мөлшерді 150 граммға дейін шектеу қажет. Ал панкреатиттің асқынуы кезінде шиеден мүлде бас тартқан дұрыс. Бұл туралы Пирогов атындағы Университеттің Ана мен бала институты, №2 госпитальдық педиатрия кафедрасының доценті Ольга Тарасова Газета.Ru басылымына мәлімдеді.

Шие құрамында 100 граммға шаққанда 1,6 грамм талшық бар. Бұл ішек перистальтикасын белсенді етіп, іш қатудың алдын алады, әрі ішекте пайдалы бактериялардың көбеюіне ықпал етіп, пробиотикалық әсер береді. Сондай-ақ, антоциандар (шие пигменттері) асқазанның шырышты қабатындағы қабынуды азайтады. Оның қышқылдығы төмен болғандықтан, гастрит кезінде де қауіпсіз — бұл жағынан ол қышқыл шиеден гөрі пайдалырақ. Сонымен қатар, шие бауырды қорғайды: құрамындағы хлороген қышқылы тотығу стрессін төмендетіп, детоксикациялық функцияны қолдайды, – деп түсіндірді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, дәл осы пайдалы қасиеттеріне байланысты шиені асқазан-ішек жолы ауруларының өршуінің алдын алу үшін жеуге болады. Ол ісінуді тудырмайды (қалыпты мөлшерде тұтынылса) және гипоаллергенді өнім саналады.

Адам күніне 200 грамм шие жей алады. Дегенмен, кейбір аурулар кезінде сақтық шараларын ұстану қажет. Мысалы, қант диабеті кезінде – бір реттік порциямен (150 грамм) шектелу керек, өйткені оның гликемиялық индексі (ГИ) – 25. Ал панкреатиттің асқынуы кезінде шиеден толықтай бас тартқан дұрыс, себебі оның құрамында талшық көп. Шиені негізгі тағамнан бөлек тұтынған жөн – тамақтан 30 минут бұрын немесе 1,5 сағаттан кейін, ас қорытудың бұзылмауы үшін, – деп қорытындылады Тарасова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!