Фото: pixabay.com
Гастроэнтеролог Кэтрин Кашух құрманың пайдасынайтып, оның құрамындағы көптеген микроэлементтердің адам ағзасына қалай көмектесетінін айтты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ruбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кашухтың айтуынша, құрма дене жасушаларын қорғайтын антиоксиданттарға бай. Олардың арасында А дәрумені, сондай-ақ көру қабілетін сақтауға көмектесетін каротиндер бар.
“Сонымен қатар, бұл жемісте C, P және B дәрумендері, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесі мен иммунитетке пайдалы калий мен магний бар. Құрмада ас қорытуды жақсартатын талшықтар да кездеседі”, – деп қосты дәрігер.
Маман дегенмен қант диабетімен ауыратын адамдар құрманы сақтықпен тұтынуы керек екенін түсіндірді. Себебі бұл қандағы қанттың күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының аурулары өршіп тұрған адамдарға да құрма жер кезде абай болған жөн. Себебі оның құрамындағы таниндердің көп болуы асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!