Эндокринолог Максим Кузнецов ең танымал таңғы ас нұсқаларының бірі денсаулыққа ең зиянды екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, ең зиянды таңғы ас – құрамында үш-төрт май көзі бар таңғы ас. Мысал ретінде ол ет қосылған, майға қуырылған жұмыртқаны келтірді.

«Бұл жай ғана майға толы табақ», – деп атап өтті дәрігер.

Оның сөзінше, мұндай таңғы ас қандағы холестерин деңгейін көтереді және жүрек-қантамыр жүйесіне түсетін жүктемені арттырады.

«Таңғы ас тек бір май көзінен тұруы керек, сонымен қатар, көкөністер болуы қажет, оларды қара нанмен бірге жеуге болады», – деді дәрігер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!