фото: stan.kz

Әлемдегі күрделі экономикалық жағдайда, бағаның құбылып тұрған кезінде ертеңгі күнге сенімді болу үшін әр адамның болашаққа деп жинаған жинағы болуы қажет. Ақшаны қайда жинаған қауіпсіз әрі тиімді деген сұрақ кез келген адамды алаңдатады. Бүгін Stan.kz осы мәселенің шешімін іздеп, ақша жинаудың ең қолайлы тәсілін ұсынады. 

Қолма-қол ақша жинау 

Ертеден келе жатқан әдет бойынша ақшаны қолма-қол үйдегі сейфте сақтауға болады. Мұның ең тиімді тұсы шұғыл түрде қаражат керек болғанда үйден ала салуға болады. Алайда егер сіз саяхатқа шығып, немесе іс-сапармен өзге өңірге кеткенде, шұғыл қаражат керек болса, үйіңізге қайта оралуға тура келеді. Екінші жағынан үйде тұрған қаржы әртүрлі қауіп-қатерге түсуі мүмкін.

Мәселен, ұры түссе, жер сілкініп жатса, сіз бірінші кезекте сейфтегі ақшаңызды емес, өз амандығыңызды ойлайсыз. Тірнектеп жиған қаржыңызды екінші орынға қойғаныңыз үшін кейін өкініп жүруіңіз де мүмкін.

Әдетте қаражатты сейфте сақтайтын адамдар банк жүйесіне сенбей жатады. Интернет өшіп қалса, банк жабылып қалса, ақшамды ала алмаймын деп ойлайды. Алайда қаражатты қолма-қол сақтау біріншіден, инфляциядан қорған болмайды, жоғалтып алу қаупі жоғары, тасымалдау да қиын. Бір карта ұстаумен бума ақша ұстаудың айырмашылығы жермен көктей. 

Банк картасында сақтау Қаражатты сақтаудың тағы бір тәсілі — дебеттік банк картасы. Карталар, әдетте, кэшбек қайтару жүйесін қолданады. Яғни картамен сауда жасағанда шығындарының бір бөлігін қайтарады. Ақшаны қайтару арқылы банктер клиенттерді картамен сатып алу үшін жиі төлеуге ынталандырады, өйткені бұл қаржы ұйымдарының кіріс көздерінің бірі.  Картада сақталған ақшаны кез келген елде жұмсау мүмкіндігі бар. Кез келген тауарды онлайн сатып ала аласыз. Алайда мұның басты кемшілігі де осы. Банк картасында ақша сақтау, сіздің ойланбай есепсіз қаржы жұмсаудан қорғамайды. Сондықтан сізде өсім болмайды. 

Депозитте сақтау 

Депозит дегеніміз не? Клиент банкке ақшаны сақтауға тапсырады және оның белгіленген мерзімі болады. Келісім бойынша банк өзінде сақталған қаржыға белгілі бір пайызда үстеме беріп отыруы керек. Банктер – мемлекеттік органдардың қатаң реттеуі мен бақылауына ұшырайтын қаржы институттары. Бұл банк салымдарын ақша салу үшін сенімді және қауіпсіз етеді.

Банктер әр инвестор үшін ең қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік беретін әртүрлі пайыздық мөлшерлемелермен, мерзімдермен және шарттармен салымдардың әртүрлі түрлерін ұсынады. Банктік салымды ашу және басқару қаржы саласында арнайы дағдыларды немесе білімді қажет етпейді.

Сонымен, қаржы сақтаудың ең тиімді жолы депозит десек, ForteBank негізінде депозиттердің түрлерін де зерттеп көрелік. Қазір депозитті оп-оңай ашуға болады.

Мәселен, ForteBank-те депозитті 1 минутта аша аласыз. Ол үшін банктің мобильді қосымшасына кірсеңіз жеткілікті. Ең аз дегенде 1000 теңге салуыңыз қажет.

Шығарып алынатын депозит – салымшы шартта айқындалған салымның ең төменгі сомасына жеткенге дейін қаражатының бір бөлігін ала алады. Депозитте кем дегенде 1000 теңге қалуы тиіс. ForteBank-тегі бұл депозит түрін кез келген уақытта толтыруға және кез келген уақытта шешіп алуға болады. Сақтау мерзімін өз еркіңізбен 3, 6, 12 айға таңдай аласыз. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 13,6%- дан бастап 13,9% -ға дейін.

Шығарып алынбайтын депозит – аты айтып тұрғандай, жинақты шешіп алу мүмкіндігі жоқ. ForteBank-те мұны тек 12 айға салуға болады. Бастапқыда 100 000 теңгемен ашып, кейін толықтырып отыра аласыз. Алайда сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі төменірек – 5,7%- дан бастап 11,9%-ға дейін.

Жинақ депозиті (шығарып алынбайтын)  – мұның «алынбайтын депозиттен» қандай айырмашылығы бар деген заңды сұрақ туындайтыны анық. Біріншіден, шешу мерзімін өзіңіз таңдап, бекіте аласыз. ForteBank-те 3, 6, 12, 24 айға қаржы салуға болады. Ең аз дегенде депозитке 100 000 теңге салып, кез келген уақытта әрі қарай толтырып отыра аласыз. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 5,7%-дан бастап 14,9 %-ға дейін. Және тағы бір айырмашылығы «шығарып алынатын» және «шығарып алынбайтын» депозиттерді теңгемен және доллармен ашу мүмкіндігі болса, «жинақты» тек теңгеде жасауға болады.

Сонымен, депозитте ақша сақтаудың басты артықшылығы банктер қаржы қауіпсіздігіне кепілдік беріп қана қоймай, оның тұрақты өсіп отыруына жәрдем жасайды. Айта кету керек, барлық салымдар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы сақтандырылған: теңгедегі жинақ салымдары бойынша – 20 млн теңгеге дейін, теңгедегі өзге депозиттер бойынша – 10 млн теңге, шетел валютасындағы салымдар бойынша – 5 млн теңге.  

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 03.03.2020 ж. берген #1.2.29/197/36 лицензиясы 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!