Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтетін «Новая волна-2021» халықаралық жас орындаушылар байқауында қазылық ететін болды.

Байқаудың ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» байқауының ашылу құрметіне арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, конкурстың үшінші күні өтетін премьер концертке, шараның жабылу концертіне қатысады деп жоспарланған.

Байқаудың ақтық сынында Қазақстан, Аустралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Нидерланд және Ресей сияқты 10 елдің жас орындаушылары бақ сынайды.

Қазақстан атынан бұл өнер сайысына Mezzo тобы қатысады.

«Новая волна» байқауы 2001 жылдан 2014 жылға дейін Латвияның Юрмала курортында өтіп келген болатын. 2015 жылдан бастап конкурс Ресейде өте бастады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!