Фото: ашық дереккөзден

Алаштың сан ғасырлық тарихы, бар болмысы – домбыраның бойында. «Нағыз қазақ қазақ емес, домбыра» деп Қадыр ақын айтқандай, ұлттық аспаптың қоңыр үні естілгенде көңіл қуанып, ұлттық рухың көтеріледі. Біз бүгін домбыраның 5 ерекшелігіне тоқталмақпыз.

Домбыра – ән айтушы

Домбыра қазақ халқының басты аспабы болып есептеледі. Сонымен бірге домбырада күйшінің дауысына сүйемелдеу қолданысы бар. Қазақ күйшілерінің көптеген шығарма еңбегі сөзімізге дәлел. Мысалы, Ақан Серінің «Сырымбет», «Үш тоты құс», «Құлагер», «Қара торғай» және «Балқадиша» атты ән-күйлері халық арасында кең тараған.

Домбыра – шер қозғаушы

Әдет-ғұрып қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады. Сол шараларда тұрмыс-салт жырлары жиі орындалады. Сондай шығармалардың мазмұны әртүрлі болады. Мысалы: қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау, жұбату жанрына жататын күйлер тек қана қазалы оқиғаларда орындалатын. Мәселен, Төлеген Момбековтің қайтыс болған әйеліне арналған «Салтанат» жоқтау күйі, Махамбеттің Жұмыр мен Қылыш батырлардың патша әкімшілігінен қинап өлгені туралы «Жұмыр-Қылыш» атты күйі және де Тәттімбеттің Кенесары ханның қаза болғанына арнайы шығарылған «Азына» атты жоқтау күйлері халықтың шерін қозғайтын күйлер.

Домбыра – жан арашашысы

Домбыра шерту қабілетінің арқасында адамның өмірін сақтап қалу қазақ халқына тән оқиға. Кетбұға өзінің «Нарату» күйімен қазақ даласына танымал болған. «Ақсақ құлан» күйінің жаралу әпсанасы – Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы құлан аулауға шыққанынан бастау алды. Аң аулау кезеңінде абай болмаған Жошы жазым болды. Хан қаза тапқан баласының мерт болғандығы туралы хабар берген тірі жанның басын алуға бекінген. Жошының қайтыс болғанын әкесіне хабарлауға ешкімнің батылы жетпегендіктен, Кетбұға атты ұлы жыршы қолына домбырасын ұстап, «Ақсақ құлан» күйін ойнап, адамдардың өмірін сақтап қалды.

Домбыра – тарих жалғастырушы

Домбыра арқылы аңыз бен ертегілерді сүйемелдеумен бірге қазақ елінің тарихи өмірін, тұрмысын және дәстүріндегі көптеген деректі ашып көрсетуге болады. Аңыз-әңгімелер біздің тарихи жылнамамыздың ең берік дереккөзі. Мысалы, Асан қайғының өмір жылдары Алтын Орда кішкентай хандықтарға ыдырауымен сәйкес келген. Асан қайғының өзі Дешті Қыпшақтан жақында ғана бөлініп келген қазақтың болашағын ойлаған дала ақыны болған. Өзінің мемлекетпен елінің тағдыры туралы ой-пікірлерін Асан қайғы күйлерінде көрсеткен. Біздің заманымызға Асан қайғының «Ел айырылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» деген күйлер жетті. Бөкей ордасындағы көтерілісі туралы Құрманғазы Сағырбайұлының «Кішкентай» күйі, Патшалық Ресейдің қазақ жерінің колонизациялауы жайындағы Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Көкейкесті» атты күйлері де тарихи маңызы бар күйлер деп есептеледі.

Домбыра – дәстүрді сақтаушы

Домбыра шерту өнері мен ақындық өнер атадан балаға тарап, қазақ даласында күйшілер династиясын жарыққа шығарды. Күйшілер династиясының жарық өкілінің бірі – Ықылас Дүкенұлы. Ықылас Дүкенұлы өнерлі жанұяда дүниеге келді: атасы Алтынбек зергер болғанымен музыкалық аспап құрастыруға қабілеті болған кісі. Оның баласы Дүкен әкесі істеп берген домбыра, қобыздарда өнер көрсетіп, домбыра шертуді ұлы Ықыласқа үйреткен. 18 жасында Ықыластың өзі әкесі шығарған күйлерге өзгеріс енгізіп, елге аты жайылды. Ықыластың әйгілі күйлеріне «Жезкиік» пен «Қамбарды» жатқызуға болады.

Аян ӘДЕН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!