Фото: First Media Group

Алматыда Дженнифер Лопестің Орталық стадионда өткен концертінің қорытындысы шығарылды. Жиынға 27 мың көрермен жиналса, оның 7 мыңға жуығы 35 елден келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, концерттен түскен табыс 10 миллиард теңгеден асты, ал бюджетке салық түрінде шамамен 600 миллион теңге түседі.

«Алматыға концерт кезнде келген шетелдік қонақтардың шығыны ғана қалаға 5 миллиард теңгеден астам қаржы әкелді деп болжанып отыр. Барлық көрерменнің шығыны мен жанама түсімдерін есепке алғанда, туризм басқармасының алдын ала болжамы бойынша концерттен түскен жалпы қаржы айналымы 10 миллиард теңгеден асады», – делінген хабарламада . Мәліметке сәйкес, мейрамхана, кофехана, қонақ үйлер мен көлік компаниялары да айтарлықтай пайдаға ие болған. Орталық стадиондағы фудкорт концерт болатын күні 15 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.
Қала билігінің хабарлауынша, турдың бас директоры Кристиан Ламб пен техникалық директоры Григорий Антропов алматылық алаңның дайындығын «ең жақсысы» деп атады.
«Біз Дженнифер Лопестің концертін жоғары деңгейде өткізгенімізді мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, жақсартуды қажет ететін тұстарды да ашық мойындаймыз. Болашақта мұндай шараларды одан да жоғары деңгейде өткізу үшін нақты қадамдарды жоспарлап отырмыз», – деді First Media Group компаниясының басқарушы директоры Альфия Нұрғұмарова.
Енді күде американдық Backstreet Boys эстрадалық тобы Алматы мен Астанаға келмек. Билет құны 40 мың теңгеден басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңгеге сатылғанын жаздық. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге. 120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындар болды. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрады. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!