фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросы елде Қазақстан және Республика есімді қанша адам бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда Республика есімді адам жоқ.

Бірақ 31 адамға Казахстан және Қазақстан деген есім қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Сегізі Ақмола облысында, жетеуі Қарағанды облысында, бесеуі Астанада, үшеуі Қостанай облысында, екеуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бірден, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!