Фото: pixabay.com

KAZ.NUR.KZ. Әрбір жұлдыз белгісінің өзіне тән мінезі мен ерекшеліктері болады. Олардың кейбірі қырсық келсе, енді керісінше ашық әрі жұмсақ. Жұлдыз белгілерінің ішінде ең әлсізі кімдер? Бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

Балықтар

Astrotalk астрологиялық басылымының хабарлауынша, астрологияда «ең әлсіз» деген термин күш-жігері жоқ деген мағынаны білдірмейді, бұл тіркес олардың өмірге деген жұмсақтығын білдіреді екен. Сонымен ең әлсіз жұлдыз белгісі кімдер?

Astrology Answers астрологиялық басылымының хабарлауынша, ең әлсіз жұлдыз белгісі – Балықтар. Нептун мен Юпитердің ықпалында болатын олардың жаны тым нәзік, олар өздерінің жанын жаралауға жақын тұрады екен. Олардың бойындағы біреуге қол ұшын созуға деген құмарлық өзгелердің өздерінен барлық салада биік тұруына әкеліп соғады.

Шаяндар

Шаяндар — ең нәзік әрі интуициясы жоғары жұлдыз белгісі. Ол өзінің отбасын, жақындары мен үйін, қауіпсіздікті ұнатады. Өте еңбекқор және төзімді болып келеді. Күшті болуға ұмтылмайды, тек сенімді дос рөлін ойнауға тырысады.

Medium әлеуметтік басылымы Шаяндардың өздеріне жасалатын қысымға барынша төзімді екенін айтады. Олардың мұндай болуына – Ай, жұлдыз белгісінің қамқоршысы себепкер екен. Ол Шаяндардың тұйық болуына, пассивті агрессияда жүруіне себепкер болатын көрінеді.

Егіздер

Егіздер — Ауа стихиясының жарқын өкілдері. Олардың бойынан тез тіл табысқыш болу, түрлі жағдайларды алдын ала сезу сияқты қасиеттерді көруге болады. Меркурийдің ықпалында болатындықтан, сөзге құмар келеді. Ол өзгелердің өзіне айтқан құпиясын ашып қоюы мүмкін.

Тез шешім қабылдай алмау, импульсивтік және адамды жалықтырып жіберу – олардың мінезіндегі басты кемшіліктердің бірі болып табылады. Олар көп жағдайда істі жарты жолда қалдырады. Бір істі соңына дейін аяқтау үшін, жалпы кездескен қиындықтарды жойып, өз мақсатына жету үшін Егіздерге көп уақыт қажет болады.

Таразылар

Ауа белгілерінің ішіндегі ең тартымды әрі мейірбан жұлдыз белгілерінің бірі – Таразылар. Ол физикалық тұрғыда әлсіз болғанымен, шығармашылық тұрғыда өзін жақсы дамытады, сондай-ақ Таразылар эстет әрі дипломат болып келеді. Ол кез келген түсініспеушілікте ортақ шешім тауып, екі тарапты да бейбіт келісімге келтіре алады. Таразылар өздеріне не ұнамайтынын ашық айта бермейді және барлық шындықты өз ішінде сақтайды. Мұндай қасиет оларды өзге жұлдыз белгілерімен салыстырғанда әлсіз етеді.

Аталған жұлдыз белгілері кейде тұйық болады немесе тыныштықты ұнатпайды. Олар ұрыс-керіс орын алмауы үшін, өзгелерді тыныштандыруға дайын тұрады. Таразылар материалдық жағдайға көп мән береді және шешімді тез қабылдай алмайды, сонымен бірге олар шамадан тыс мейірбан жандар болып келеді.

Суқұйғыштар

Суқұйғыштарда когнитивті мінез ерекше дамыған, олар көп оқуды ұнатады және жаңа өмірлік философияны білуге құштар болып тұрады. Көп адамға аталған жұлдыз белгісінің өкілдері арманшыл болып көрінуі мүмкін.

Vogue сән журналы Суқұйғыштарды гуманитарлық ойлау қабылеті дамыған ойшылдар деп атайды. Тұйық мінезі үшін, Суқұйғыштармен адамдармен тез тіл табысы кетпейді. Сонымен бірге бұл жұлдыз белгісінің өкілдерінің көп жағдайда айқын мақсаттары болмайды, соның салдарынан ол өмірге бейімсіз келеді және ол тым қарапайым әрі тұйық болып келеді.

Бикештер

Қырсық, адал әрі сыни ойлау қабылеттері жақсы дамыған Бикештердің жауапкершілігі тым жоғары, олар кез келген тапсырманы тиянақты орындайды. Олар сынақтардан қорықпайды, алайда Бикештер өзге адамдардың пікіріне тым көп мән береді.

Бикештердің әлсіз тұсы – олар басқа адамдардың пікіріне қарап, өздеріне деген сенімді жоғалтып алып жатады. Олардың шамадан тыс тынымсыздығы өмірден ляззат алуға кедергі келтіріп жатады. Бикештер өздеріне деген сынды көтере бермейді.

Мергендер

От белгісінің өкілі Мергендер мазасыз болғанымен өте еңбекқор. Оның мінезі тік, ол өмірге оптимистік көзқараспен қарайды әрі өмірді сүйеді. Аталған жұлдыз белгісінде туған жандардың энергиясы көп әрі олар өмірді жарқын етуге қашан да ұмтылып тұрады.

Кейде олар ойламаған әрекет жасап, кейін бұл әрекеттеріне өкініп жатады. Мергендердің мінезіндегі ең әлсіз тұс – ол өз сөзінде тұрмауы. Еркіндікті сүйетін жұлдыз белгісі өзіне қысым көрсеткенді ұнатпайды әрі өзі шешім қабылдауды ұнатады.

Торпақтар

Торпақтар көнбіс, еңбекқор, амбициялары көп әрі табысқа жетуге ұмтылғыш келеді. Олар көшбасшы болуға ұмтылады әрі өмірде үлкен жетістіктерге жетіп жатады. Торпақтардың мінезіндегі әлсіз тұс – ол қырсықтық. Ол қашан да өз пікірінен тайынбайды.

Ол көп жағдайда компромисске бармайды, сол себепті достары мен серіктестерін жиі жоғалтып жатады. Өзгерістерді көп ұната бермейді, сол себепті мүмкіндіктерді жіберіп алады. Торпақтар эмоцияның адамдары, олар ақшаны көп жұмсағанды ұнатады әрі жалқаулау келеді.

Тауешкілер

Тауешкілерге қамқор келетін Сатурн – тәртіп, тез шешім қабылдау, төзімділік пен жауапкершіліктің планетасы болып табылады. Сол себепті олар мансапта жоғары жетістіктерге жетеді әрі туа біткен көшбасшы болады. Олар өмірдің кез келген сынағына төзімді келеді. Тауешкілер физикалық және рухани тұрғыда да күшті болып келеді.

Десе де Тауешкілердің де әлсіз тұстары бар. Олардың жүрегі жұмсақ болғанымен, сырт көзге бұл жұлдыз белгілерінің өкілдері суық болып көрінеді. Тауешкілер жеңілуден, біреуге күлкі болудан әрі сатқындықтан қорқады.

Тоқтылар

Тоқтылар — астрологиялық жұлдыз белгілерінің ішіндегі ең батылы әрі көшбасшысы. Олардың энергиясы көп, өз ортасында беделді әрі адамдармен тез тіл табысқыш болып келеді. Тоқтылардың қолы ашық, жомарт келеді. Тоқтылардың қамқоршысы Марс, ол оған күш пен бірге әлсіздікті де береді.

Ол соғыс пен билік планетасының өкілі болғандықтан, бұл оған өз-өзіне деген сенімділік пен импульсивтілікті береді. Соның салдарынан жеңіліс тауып, кейін өз-өзіне көп уақыттан кейін келеді. Аталған жұлдыз белгісінің тағы бір кемшілігі – ойламай шешім қабылдау. Оған асықпай, нық қадам басуды үйренген абзал.

Сарышаяндар

Жұмбақ әрі күшті Сарышаяндардың мінезі ауыр келеді, олар өздерінің эмоциясын бақылай алатын қасиетке ие. Сарышаяндардың қамқоршы планетасы Марс пен Плутон. Аталған жұлдыз белгісі өте қызғаншақ, қазымыр әрі тым талапшыл келеді. Онымен жайлы өмір сүру үшін, төзім мен берік жеке шекара қажет.

Арыстандар

Арыстандар – туа біткен көшбасшылар. Қамқоршысы Күн болып келетін жұлдыз белгісі көпшіл, олар өзгелердің өздеріне сүйіспеншілікпен қарауын ұнатады, сондай-ақ басқаларға үстемдік етуді ұнатады. Ол өзін мақтағанды тым қатты ұнатады, сол себепті оның әлсіз тұсы – өзіне адамдарды қалай тартса, дәл сол сияқты өзінен алшақтату болып табылады.

Әр жұлдыз белгісінің бойынан өзіне тән әлсіз тұстарын көруге болады. Адамның қандай екенін білу үшін, әрдайым оның қай жұлдыз белгісіне жататынын біліп алуды ұмытпаңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!