«Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов Еркін Нұржановпен болған арадағы жандалды айтты. Еркіннің бір кездері топтан не себепті кеткенін болжады. Продюсер жігіттерді тәрбиелеу үшін жұдырықтап ұратынын да жасырмады.

Ерғали Әбдірайымов «Жігіттерді» пысықтау үшін, тасып кетсе, қайта өз орнына қою үшін түрлі амал-тәсілдер жасайтынын айтты. Сөзбен жеткізе алмаған сәтте, шапалақпен не жұдырықпен ұратынын жасырмайды. Бұны жігіттердің өзі де мойындады. Алайда аға мен інілердің арасында ол үшін ешқандай өкпе, реніш жоқ.

Бағлан Әбдірайымов бір кездері продсюсердің таяғын жегенін мойындайды. Одан ешқандай кемшілік көрмейді.

«Бізді ұратын да, ұрсатын да. Ол үшін ренжіп, теріс айналған жоқпыз. Себебі ағамыз, әкеміз секілді адам. Бізді піссін, тура жолда болсын, асып-тасымасыз, жолдан таймасын деп ұрды. Әрқайсысымыз шапалақ жегенбіз. Онда тұрған ешнәрсе жоқ», – деді әнші.

Ерғали Әбдірайымов Еркін Нұржановты да ұрып, жағын сындырғанын айтады. Бұл туралы кітабында жазған екен. Продюсер көпшілікті қызықтырған сұрақтың шет-жағасын айтты.

«Еркінді де ұрамын деп жағын сындырып қойдым. Ол кезде ағалық тәрбие мақсатында ұрдым. Жағын сындырайын деген жоқпын. Мүмкін оның топтан қаша бастауының да себебі сол шығар. Кейін қашқақтай бастады. Мен оны әнші қылдым. Осындай күнге жеткізгенде ол тастап кеткендей болды. Алматыға келгенде қап-қара, үстінде жаман-жаман киімі бар бала еді. Енді оны ел танитындай әнші болды. Қолы аузына жеткенде тастап кетіп бара жатырсың деп ұрыстым.

Баққан бала әке-шешесінен теріс айналғанмен тең. Мен солай қабылдадым. Кітабымды осының бәрін жаздым. Еркіннің топтан не үшін кеткенін де жаздым. Басқа да қызықтар бар», – деді Әбдірайымов. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!