фото: egemen.kz
Мичиган штаты университетінің мамандары көзге көрінбейтін бетперде жасады, деп хабарлайды Егемен Қазақстан.
Құрылғы иесінің бетіне тиген сәтте-ақ аэрозольдердің 99,8 пайызын блоктайды. Технология жылу емес плазмаға негізделген, вирустар адамға жеткенге дейін ауада өледі. Құрылғыда шлангті ауа шүмектері және 4,5 кг рюкзакты аккумулятор, электроника, ауа беру жүйесі бар. Физикалық құрылымның арқасында бетперде іске қосылған кезде де көрінбейді.
Кішкентай компьютер
«Apple» компаниясының ең кішкентай компьютері осы жылдың соңына дейін шығады.
«Bloomberg» мәліметтерінше, Mac mini-дің жаңа нұсқасы жаңартылған дизайнмен дайындалып жатыр. Жаңа құрылғының өлшемі Apple TV приставкасымен бірдей болады. Оның бүйірлері 93 мм, ал биіктігі 31 мм. Техникалық сипаттамаларға келетін болсақ, компьютер iPad Pro-ға өте ұқсас болады.
Аудан салған робот
АҚШ-та 3D принтердің көмегімен толыққанды аудан салынып жатыр.
«Icon» әзірлеген «Vulcan» роботты принтері Техас штатының Джорджтаун қаласындағы 100 тұрғын үйді басып шығарды. Қазір соңғы бірнеше ғимараттың құрылысы аяқталып жатыр деп жазады «Reuters». Дәстүрлі құрылыспен салыстырғанда үйлерді 3D-мен басып шығару тезірек және арзанырақ. Сонымен қатар жұмысшыны көп қажет етпейді және құрылыс материалдарының қалдықтарын азайтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!