фото: Colossal Biosciences

Colossal Biosciences компаниясы жойылып кеткен жануарды қайта тірілткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Ғалымдар алғаш рет (Aenocyon dirus) «қорқынышты қасқыр» деп аталатын, жойылып кеткен жыртқыштың күшіктерін жұртшылыққа көрсетті. Бұл жыртқыш ежелде Солтүстік Америкада мекендеген және шамамен 10 мың жыл бұрын жер бетінен жойылып кеткен. Алайда Colossal Biosciences компаниясына қатысы жоқ кейбір сарапшылар бұл жетістікке күмәнмен қарап отыр. Олардың айтуынша, бұл нағыз жойылып кеткен түр емес, аралас тектен шыққан жаңа жануар болуы бек мүмкін.

Aenocyon dirus деп аталатын бұл жыртқыш көпшілікке «Тақтар таласы» телехикаясы арқылы танымал болды.

Colossal Biosciences компаниясы бұл жетістікті кеңінен жария етті. Рем есімді қасқыр Time журналының мұқабасына шықты.

Ғалымдар жойылып кеткен жануарды қайта жасау үшін сұр қасқырдың (Canis lupus) ДНҚ құрылымын өзгерткен. Кейін күшіктерді ірі тұқымды иттерді пайдалана отырып, кесар тілігі арқылы дүниеге әкелді.

Ромул мен Рем – көне аңыз бойынша қасқыр асырап, кейін Рим қаласын құрған бауырлардың құрметіне аталған. Олар 2024 жылдың 1 қазанында туған.

Сұр қасқырдың күшіктерімен салыстырғанда, бұл үшеуінің иықтары кең, басы мен жақ сүйегі ірі, аяқ бұлшық еттері күшті. Ең айқын айырмашылығы қардай аппақ жүні бар.

Қазір олар Colossal Biosciences компаниясына тиесілі 800 гектарлық табиғи қорықта өмір сүріп жатыр. Компания олардың бүкіл өмір бойғы тіршілігін бақылап, гендік өзгерістердің күтпеген салдарға әкелмейтінін анықтамақ.

14 генге 20 өзгеріс енгізілген

Қорқыншты қасқырды «қайта тірілту» үшін ғалымдар сұр қасқырдың 14 геніне 20 өзгеріс енгізген. Бірақ нақты қандай өзгерістер мен қандай гендер қажет екенін түсіну үшін, бұрын өмір сүрген нағыз қасіретті қасқырдың сүйек қалдықтары керек болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!