Брока және Калгари университетінің ғалымдары отбасындағы ортаншы бала өзгелерімен салыстырғанда табыстырақ болатынын анықтады. Айтуларынша, ортаншы баланың бойында өзгелерге қарағанда ерекше сенім басым. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Канадалық ғалымдардың тұжырымынша, аға-әпкесі немесе іні-қарындасы бар балалар өзіне сенімді, шыдамды әрі тәуекелшіл болып келеді. Сондай-ақ оларда ашуға бой алдырмайтын, кешірімді бола білетін және адамдармен тез тіл табысатын мінез қалыптасады екен.
Жоғары оқу орнының өкілдері мысал ретінде жетістікке жеткен ортаншы балаларды келтірген. Олар: Мартин Лютер Кинг, Мадонна, Уоррен Баффет және Авраам Линкольн. Зерттеу барысында үйдің тұңғышы ақылды, ал кенжелер бұзық әрі ерке болатыны анықталған. Отбасында жалғыз өскен ұл-қыздардың да мінезді болатыны көрсетілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!