фото: baq.kz
Зерттеушілер сөйлей алмайтын адамдардан ойларында белгілі бір сөз тіркестерін құрастыруды сұраған. Арнайы имплант арқылы алынған сигналдарды ЖИ өңдеп, олардың 74%-ына дейін дұрыс танып шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
DW таратқан мәліметке сүйенсек, бұл – «ми-компьютер интерфейсі» технологиясына негізделген тәжірибе. Мұнда миға электрод орнатылады, ол нейрондық белсенділікті тіркеп, алынған сигналдарды түрлі құрылғыларға арналған командаларға айналдырады. Осындай әдістің көмегімен сал ауруына шалдыққан науқастар протездерді басқара алады немесе компьютерде жұмыс істей алады.
Бұған дейінгі тәжірибелерде қатысушыларға сөздерді дауыстап айтуға тырысу керек болатын, бұл оларға ауырлық түсірген. Ал жаңа зерттеу көрсеткендей, жүйеге ойын жеткізу үшін тек ойлану жеткілікті, бұлшықеттерді қимылдатудың қажеті жоқ.
Зерттеуге бүйірлік амиотрофиялық склерозға шалдыққан және инсульттен кейін мүлде қозғала алмай, сөйлеу қабілетінен айырылған адамдар қатысты.
Дегенмен жүйе кейде қателіктерге жол берді. Мысалы, «I think it tastes the best» («Меніңше, бұл ең дәмдісі») деген сөйлемді, «I guess it’s the best player» («Менің ойымша, бұл – ең үздік ойыншы») деп қате таныған жағдай болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!