Грек жаңғағын шамадан тыс тұтыну салмақ қосуға және семіздікке әкелуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv-ге сілтеме жасап. 

Диетологтарың айтуынша, грек жаңғағы өте калориялы өнім: 100 грамм жаңғақта шамамен 700 ккал бар. Сондықтан күніне 3–5 жаңғақтан артық тұтынбау ұсынылады.

Жаңғақты көп мөлшерде жеу асқазанда және ішекте дискомфорт тудыруы мүмкін. Сондай-ақ ол аллергендердің бірі болып саналады, әсіресе балаларда аллергиялық реакциялар жиі байқалады.

Кімдерге абай болу керек:

  • артық салмағы немесе семіздігі бар адамдарға;
  • асқазан-ішек жолы аурулары барларға (гастрит, панкреатит);
  • жаңғаққа аллергиясы барларға (толық бас тарту қажет).

Сонымен қатар грек жаңғағының пайдасы да зор. Бұл өнім Омега-3 және Омега-6, В тобының дәрумендері, магний, мырыш, селен және Е витаминіне бай.

Пайдалы әсерлері:

  • «Жаман» холестеринді төмендетеді;
  • Қан тамырларының жағдайын жақсартады, гипертонияда көмектеседі;
  • Ми қызметін қолдайды, есте сақтау мен зейінді жақсартады;
  • Ас қорытуға пайдалы және гормоналды тепе-теңдікке ықпал етеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!