Тоқты
Өз кемшіліктеріңізді ойлап бас қатырмаңыз, өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Әділеттілік және тектілік сақтаңыз. Сонда ғана жұмысыңыз да, жеке кәсібіңіз де алға жылжиды. Апта барысы есеп-қисаппен айналысып, жоба немесе жоспар құруға өте ыңғайлы.
Торпақ
Аптада күш-қуатыңыз мол болады. Белсенділік таныту өз пайдасын әкелмесе, зиянын тигізбейді. Көлік жүргізетін болсаңыз, жолда абай болыңыз. Сізге нәзікжандар көп көмегін тигізеді.
Егіздер
Өзгелерден қулығыңызды асырамын деп ойламаңыз. Өйткені оның барлығы өзіңізге зиян тигізуі мүмкін. Бұл сіздің беделіңізге сын. Өзгелердің ығына ермеңіз және күдік тудыратын мәселелерден аулақ болыңыз.
Шаян
Серіктестермен немесе басқа да кездесулер сіз үшін тиімді болмақ. Бұл кездесуге тиянақты түрде дайындалсаңыз, көп пайдаға кенелесіз. Сізге тапсырылған жұмыстарға бей-жай қарамаңыз.
Арыстан
Қолдан келер іспен айналысыңыз. Аспандағы айға қол созудың қажеті жоқ. Үйде ұсақ-түйек істі атқарып, қаржылық мәселені біржақты етіңіз. Үйге зат сатып алудың немес артық ақша жинаудың қажеті жоқ.
Бикеш
Әріптестеріңізбен және достарыңызбен дауласпаңыз. Бұл жақсы емес. Аптада өте ашушаң боласыз. Ол сөзіңізден де, ісіңізден де байқалады. Ұстамды болуға тырысыңыз. Сабырлылық танытыңыз.
Таразы
Бұл аптада өзіңізге толық демалыс сыйлаңыз. Бассейнге барыңыз, массаж қабылдаңыз. Салқын су ағзаңызды жақсартып, денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді. Көптеген аурудың алдын алады.
Сарышаян
Жұмыс барысында танысқан жандармен қолға алған істі жүзеге асыратын боласыз. Қызметіңізді жоғарылатуға немесе қаржылай қолдайтын жандардан көмек алуға толық мүмкіндігіңіз бар.
Мерген
Сіз ‒ шынайысыз. Сондай-ақ кез келген қиын тапсырманы оңай орындай аласыз. Достарыңызға көмек көрсетуден қашпаңыз. Апта жолға шығуға және ақпараттар легін жинауға қолайлы болмақ.
Тауешкі
Апта махаббатыңызды мойындап, романтикалық кеш ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Балаларыңыздың немен айналысып жүргеніне мән беріп, көңіл бөліңіз. Жақындарыңыз бен сүйікті адамыңызға сыйлық жасап, көңілін аулаңыз.
Суқұйғыш
Ұсақ-түйек тірліктің барлығын бітіресіз. Сізді біреулер алдап соққысы келеді. Майда-шүйденің барлығына мән беріңіз. Тіпті қайтарым ақшаның өзін санап алғаныңыз жөн. «Сақтықта қорлық жоқ» екенін естен шығармаңыз.
Балық
Орын алатын оқиғалардың барлығы сізге оң әсерін тигізеді. Сіз лауазымды тұлғалардың немесе әріптестеріңіздің көмегіне жүгіне аласыз. Олар сізге бағыт-бағдар беріп, мақсатқа жетуге көмектеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!