Тоқты

Көп уақытты серуендеп, көңіл кө­те­руге арнаңыз. Қиын күндер­ді ұмытып, жаңа күнге жаңа көзқарас­пен қараңыз. Бұл апта сіз үшін өте ма­ңызды, сондықтан шешімді асық­пай қабылдаңыз!

Торпақ

Аптада жоспарыңыз түгелдей орында­лады. Сол себепті уақытты үнемдеген жөн. Сізді ерекше мүмкіндік күтіп тұр. Сондықтан барлық жақсылықты қуана қабылдай біліңіз.

Егіз

Уақытыңызды құр текке өткізе бермеңіз. Батыл әрі нақты сөйлей біліңіз, бір нәрсені ойласаңыз,  жоспарды міндетті түрде орындауға тырысыңыз.

Шаян

 “Жұмыс, карьера” деп өзіңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдардан еш қорықпай, батылырақ бола түсіңіз. Сізді ешкім де қорқытып, үркіте алмайды. Ойыңызға келген мақсатты нақты жоспарлап, орындай біліңіз. Жаныңыз қалаған нәрсені жасауға тырысыңыз.

Арыстан

 Сізді маңызды бір кездесу күтіп тұр. Сондықтан жүрген жүрісіңізге де, киген киіміңізге де аса мән берген жөн. Қызметіңіз жоғарылап, көп жетістіктерге жетесіз. Дегенмен жақсылық жасаған адамдардың қадірін біліңіз.

Бикеш

Жақыныңызға сізден көмек керек болады, сондықтан қасында болғаныңыз жөн. Егер бір кездесу бола қалса, ол сіздің өміріңізді өзгертуі де мүмкін. Апта соңында күтпеген тосын сый болғалы тұр.

Таразы

Жоспарыңыздың көп бөлігі орындалайын деп тұр. Егер сіз тырыссаңыз, керемет жұмыс тауып қалуыңыз мүмкін. Жақын жандардан да көмек сұраған жөн.

Сарышаян

Сіздің айыңыз оңынан туып, жұлдызыңыз жарқырайтын күн алыс емес. Жақындарыңыз қолдау көрсетіп, өзіңізді тағы бір қырыңыздан көрсететін кез туды. Егер сіз осы бетіңізден таймасаңыз, аз күнде биіктен көрінетініңіз анық.

Мерген

Махаббатта жолыңыз болады. Тек жүрегіңізді тыңдаңыз. Қаражат жағынан қиындық туындауы ықтимал. Сондықтан қаржыңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жұлдыздар көп серуендеуге кеңес береді.

Тауешкі

Қаражат жағы қалтаңызды жұқартуы мүмкін. Қиындық туындауы ғажап емес. Жақын арада кәсіп бастаған жөн.

Суқұйғыш

Өз күшіңізге сенсеңіз әлі талай белесті бағындырасыз. Тек жоспарды бір пысықтап алыңыз. Отбасылық демалыстың сізге тигізер пайдасы зор болмақ.

Балық

Бұл аптаны отбасыңызбен өткізіңіз. Жұмысты, жоспарды ысырып қойып, жақындардың қасында болыңыз. Өмірдің қызығын сезініп, отбасылық жылулықтың қадірін түсініңіз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!