Тоқты
Бұл аптаны отбасыңызбен өткізіңіз. Жұмысты, жоспарды ысырып қойып, жақындарыңыздың қасында болыңыз. Өмірдің қызығын сезініп, отбасылық жылулықтың қадірін түсініңіз. Апта сіз ойлағаннан да қызықты өтеді.
Торпақ
Аптада жоспарыңыз түгелдей орындалады. Сол себепті уақытты үнемдеген жөн. Сізді ерекше мүмкіндік күтіп тұр. Сондықтан барлық жақсылықты қуана қабылдай біліңіз. Бастаған істі соңына жеткізу де жаңа мүмкіндік сыйлауы ықтимал.
Егіз
Уақытыңызды текке өткізе бермеңіз. Батыл әрі нақты сөйлей біліңіз, бір айтып, ойыңыздың орындалуы екіталай. Осы аптада көп нәрсе түсініксіз. Жағдайдың «қалт-құлт» етіп тұрғанын сезесіз, оны жылдам шешу қиынырақ.
Шаян
Көп уақытты серуендеп, көңіл көтеруге арнаңыз. Қиын күндерді ұмытып, жаңа күнге жаңа көзқараспен қараңыз. Бұл апта сіз үшін өте маңызды, сондықтан шешімді асықпай қабылдаңыз!
Арыстан
Сізді маңызды кездесу күтіп тұр. Сондықтан жүрген жүрісіңізге де, киген киіміңізге де аса мән берген жөн. Қызметіңіз жоғарылап, көп жетістіктерге жетесіз. Дегенмен жақсылық жасаған адамдардың қадірін ұмытпаңыз.
Бикеш
Жақыныңызға сізден көмек керек болады, сондықтан қасында болғаныңыз жөн. Егер бір кездесу бола қалса, ол сіздің өміріңізді өзгертуі де мүмкін. Апта соңында күтпеген тосын сый болғалы тұр.
Таразы
Жоспарыңыздың көп бөлігі орындалайын деп тұр. Егер сіз тырыссаңыз керемет жұмыс тауып қалуыңыз мүмкін. Жақын жандардан да көмек сұраған жөн. Осы кезеңде сіз кез келген қиындықты жеңе аласыз. Бұл әсіресе жұмыс, іскерлік қатынастар мен материалдық салаға қатысты.
Сарышаян
Айыңыз оңынан туып, жұлдызыңыз жарқырайтын күн алыс емес. Жақындарыңыз қолдау көрсетіп, өзіңізді тағы бір қырыңыздан көрсететін кез туды. Егер осы бетіңізден таймасаңыз, аз күнде биіктен көрінетініңіз анық.
Мерген
Махаббатта жолыңыз болады. Тек жүрегіңізді тыңдаңыз. Қаражат жағынан қиындық туындауы ықтимал. Сондықтан қаржыңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жұлдыздар көп серуендеуге кеңес береді.
Тауешкі
Қаражат жағы қалтаңызды жұқартуы мүмкін. Қиындық туындауы ғажап емес. Жақын арада кәсіп бастауыңыз да бек мүмкін. Алайда тәуекел жасауға асықпай, сабырмен қадам жасаңыз. Мақсатқа қадам жасауда сақтық артық етпейді.
Суқұйғыш
Өз күшіңізге сенесіз, әлі талай белесті бағындырасыз. Тек жоспарды бір пысықтап алыңыз. Отбасылық демалыстың сізге тигізер пайдасы зор болмақ. Жұмыс пен үйдегі қарым-қатынас үрдісін араластырудан аулақ болыңыз.
Балық
«Жұмыс, қызмет» деп өзіңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдардан жасқанбай, батылырақ болыңыз. Ойыңызға келген мақсатты нақты жоспарлап, іске асырыңыз. Жаныңыз қалаған нәрсені жасауға ұмтылған артық емес.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!