Тоқты
Ұйымдастырушылық қабілетіңіз жоға­ры. Енді осыны дәлелдеңіз. Жұмыс уақы­тын босқа жоғалтпаңыз, тиімді іске жұмса­ңыз. Өзіңізге келтірер пайдасын ойлаңыз. Таныс-тамырды қоя тұрып, өзіңізге көңіл бөліңіз. Осы апта сіз үшін сынақ болғалы тұр. Сынақтан сүрінбей өту керегін ескеріңіз. Егер басшылық тарапынан ескерту түссе, соған орай әрекет етіңіз. Бүлдірген шаруаңызды реттеуге тырысыңыз.

Торпақ
Материалдық жағдайыңыз жұмыс іс­теуі­ңізбен тікелей байланысты. Мол қа­ра­жат тапқыңыз келсе, іске кірісіңіз. Қолы­ңыздан біраз шаруа келеді. Соны жұрт­шылыққа дәлелдеңіз. Көп табыс та­буды емес, адал ақша табуды алдыңғы орынға қойыңыз. Сонымен қатар біліміңізді жетілдіру кере­гін де алға тартыңыз. Жан-жақтан курстарға қатысып, пайдалы іске кірісіңіз.

Егіз
Ғылыми жұмыспен айналысатын уақыт келді. Барлығын кейінге ысырып, тек жоспардағы шаруаны атқарыңыз. Осы аптада білім беру саласында қызмет ететіндер мен саясатқа жақын жандардың жолы болады. Жұлдыздар кез келген адамға сене беруге болмайтынын айтады. Сондықтан сөзге еріп кетпеңіз. Бәрін құжат жүзінде атқарыңыз. Жұмысыңызды іспен дәлелдеңіз.

Шаян
Жұмыста үлкен өзгеріс орын алғалы тұр. Мұның сізге тигізер кері әсері жоқ. Бастысы, басшылықпен тіл табыса білсеңіз болғаны. Бұл «нені айтса, соны орындауға тиіссің» деген сөз емес. Тек сізге берілген жауапкершілікті атқарған дұрыс. Ата-анаңыздың арманын орындаңыз. Осы аптада ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. Бәлкім сізге тигізер зияны болмас. Бірақ сақ болған жөн.

Арыстан
Көптен бері жоспарлап жүрген ісі­ңізге карантиннің кері әсер еткені анық. Алдағы уақытта жұмысыңыз жүріп, ісіңіз өрге басады. Сол кезде өткенді еске алып отыратын боласыз. Әзірге әрекет етіңіз, жұмыс істеуге талпыныңыз.

Бикеш
Бұл белгідегі жандардың қашанда жолы болғыш. Айы оңынан туады. Оның өзіндік себебі де бар шығар. Бәлкім жауапкершілікті жоғары бағалап, мүмкін сенімді ақтау керегін жақсы түсінеді. Апта соныңда ескі достарыңызбен кездесесіз. Бұл сізге өткенді ой-елегінен өткізуге көмектеседі. Сондай-ақ кейінге ысырып жүрген жұмысыңызды біртіндеп ретке келтіріңіз.

Таразы
Сәттілік серігіңізге айналады. Аптада ешқандай қиын­дық болмайды. Бәрі сіз ойлағандай жоспарыңызбен іске асады. Тек уақытты босқа өткізбеңіз, істеуі тиіс деген нәрсені жүзеге асырыңыз. Талантыңызды көпші­лікке көрсететін уақыт жетті. Достың да, дұшпанның да көзі сізде болады. Бірақ бәріне де тосқауыл болу, өзіңізді көрсету сізге жүктелген.

             Сарышаян

Аптада сезімге ерік бересіз. Бірақ ол үшін өкінудің қажеті жоқ. Бәрі де жақсы бо­лады. Махаббатты жандандыратын уа­қыттың жеткенін ескеріңіз. Сізге үйлену керек. Мұны жақын арада жүзеге асыратын жоспарға енгізіп қойыңыз. Сонда ғана ісіңіз өрге басады. Алға жылжығанда ұмтылысты аңғарасыз. Өміріңізге енген жанның сізге сәттілік әкелетіні сөзсіз.

Мерген
«Менің арманым қалайда орындалу керек» деп өзіңізді жігерлендіріңіз. Жоспа­рыңызды жүзеге асыруға талпыныңыз. Сонда ғана ойлаған ісіңіз орындалады. Жұл­дыздар гардероб ауыстыруға кеңес бе­реді. Сізге де стиль өзгерту қажет. Өзі­ңіз­ді өзге қырынан көрсету үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Ай­на­лаңызға көз жүгіртіп, жан-жаққа қарап шығыңыз. Бәл­кім сіздің серігіңіз қасыңызда жүрген шығар. Отбасы мү­ше­сін толтырып, үйіңізді қуанышқа кенелтетін уақыт келді.

Тауешкі
Іскерлігіңіз өзгелерді тәнті етуде. Осы қалпыңыздан таймаңыз. Өмір өзгерісті талап етеді. Сондықтан да сыртқы келбетіңізді өзгертіңіз. Арнайы дизайнер мамандардың кеңесіне жүгініп, стиліңізді өзгертіңіз. Киімнің өзі адамды біршама өзгертеді. Ал іскерлігіңізді әлі де шыңдай түсіңіз. Ізденіңіз, алға жоспар құрып, өзгелерден ерекше болуға талпыныңыз. Бұл сізді биік белестерге көтереді, мансабыңыздың жоғарылауына септігі тиеді.

Суқұйғыш
Жұлдыздар осы аптада денсау­лық­қа аса назар аудару керегін алға тартады. Серуендеп, жеміс-жидек­пен қоректеніп, көп күш жинаға­ны­ңыз абзал. Денсаулықпен ойнауға болмайды, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз дә­рігер­ге қаралыңыз. «Ауырып ем іздегенше, ауыр­мау­дың жолын ізде» деген тәмсілді қолданыңыз. Мұны өзін­дік ұстанымыңыз деп қабылдасаңыз да болады. Жұмы­сыңызды кейінге шегеріңіз. Сенімді деген серіктеске уа­қытша табыстаған жөн болады. Кейін мәселені қолға алып, реттеп аласыз.

Балық
Өзгерісті өзгеден күтпей өзіңізден бастаңыз. Жұлдыздар аптаны отбасыға арнауға кеңес береді. Жұмысты да ысырып тастамаңыз. Қосымша қаражат табуға қолайлы уақыт. Таза ауада жиі серуендеңіз. Уақытты тиімді нәрсеге пайдаланыңыз. Адамдарға көмектесіп, қолдау білдіріңіз. Адамгершілікті алдыңғы орынға қойыңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!