ТОҚТЫ
Апта сәтті басталады. Егер асығыстық танытпасаңыз, ешқандай қателікке бой алдырмайсыз. Сонымен қатар барлық мәселеде өзіңіз шешім қабылдаған жөн.
ТОРПАҚ
Қандай мәселе орын алса да, өз ақылыңызды тыңдаңыз. Сонымен қатар қаржылық мәселені бірыңғайлайсыз. Аптада өмірдің жаңа баспалдағын аттайсыз. Өзіңіздің жоспарларды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт.
ЕГІЗ
Сабырлы болуға тырысыңыз. Кейде айналаңыздағы адамдар сізді әдейі ашуландыруы мүмкін. Сондықтан арандатушыларға ермеңіз. Жоспарды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт. Болашағы зор жұмысқа орналасуға немесе жаңа кәсіп бастауға қолайлы сәт.
ШАЯН
Достарыңыздан хабар күтіңіз. Жақсы жаңалық болуы мүмкін. Десе де шешім қабылдағанда абай болыңыз. Барлық шаруаны орындау, мақсатқа жету оңайға соқпайды. Бірақ сіз еш берілмейсіз. Табандылықтың арқасында біраз жетістікке жетесіз.
АРЫСТАН
Бұрын қолыңыздан келмеген шаруаларды апта соңына дейін бітіресіз. Іскерлік және жеке қарым-қатынасты қалыпқа келтіре аласыз. Барынша сабыр сақтай біліңіз. Егер шыдамсыздық танытсаңыз, көп қателік жіберуіңіз мүмкін.
БИКЕШ
Адамдармен тіл табысу қиынға соғады. Тіпті жақын адамдардың өзі сізді дұрыс түсінбеуі мүмкін. Ойлау қабілеті терең жандар орын алған оқиғалардың соңы қалай аяқталатынын жақсы біледі. Сондай-ақ барлық жұмыста белсенділік танытып, оң шешім табуға атсалысады.
ТАРАЗЫ
Ойланыңыз. Егер алдағы күндерге жоспар құрсаңыз, барлық жұмысыңыз алға басады. Өз мүмкіндігіңізді пайдаланып, барлық жұмысты дөңгелетесіз. Ұстаздар, кеңесшілер, саудагерлер және делдалдар үшін өте сәтті күн болмақ. Бұл жандар бүгін табысты болады. Әсіресе топ болып жұмыс істейтіндердің айы оңынан туады.
САРЫШАЯН
Ештеңеге алаңдамаңыз. Көп күш жұмсамастан біраз жетістікке жетуге мүмкіндік бар. Сіз барлық мүмкіндікті көре аласыз. Сүйгеніңізбен бірге болыңыз. Ол өзін жалғыз сезініп жүр, қолдау көрсеткеніңіз жөн.
МЕРГЕН
Қызметте жолыңыз болады. Қалтаңыз да қалыңдайды. Бірақ қалта қалыңдайды деп, достарыңызды ұмытып кетпеңіз. Аптада сәттілік серігіңіз болады. Соңғы уақытта сызат түскен қарым-қатынасты қайта қалыпқа келтіресіз. Ескі қателіктерді де жөндейсіз.
ТАУЕШКІ
Аптаңыз жақсы басталады, уақытыңыз бекерге өтпейді. Ойын-сауық кештерге баруыңыз мүмкін. Осы күніңізді сергек өткізуге тырысыңыз. Аздаған қиындықтар болады, алайда алаңдауға негіз жоқ. Бәрі реттеледі.
СУҚҰЙҒЫШ
Аптада барлық жұмысты бітіруге тырысыңыз. Маңызды мәселені бітіріп, жұмысты ретке келтіруге қолайлы сәт болмақ. Сүйгеніңізбен біргесіз, оны ренжітіп алмаңыз. Байыппен сөйлеңіз, ол сізге жарасады.
БАЛЫҚ
Апта ерекше көңіл-күй сыйлайды. Бір уақытта бірнеше жұмыс істеуіңізге тура келеді. Оған еш ренжімейсіз. Бірақ назарыңызды бір жұмысқа аударғаныңыз дұрыс. Аптада достарыңызбен бас қосасыз, мерекелік кеш болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!