Тоқты

Әрбір істе сізді сәттілік күтіп тұр, тек өзіңіз білмейтін іске араласпаңыз. Өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізді дұрыс ба­ғалаңыз. Өзіңізге деген сенімділік сал­дарынан қиындықтар туындауы мүмкін. Мүмкіндік болса, уақытты  үйде өткізген жөн. Соның арқасында шығармашылық әлеуетіңіз артады.

Торпақ

Жеке басыңызды ғана ойлап, тек өз ісіңізбен  айналыспауға тырысыңыз. Жақындарыңыз бен достарыңызбен ара­ласу үшін де уақыт қалдырыңыз. Сіздің немқұрайлығыңыздан қиналатын жа­қындарыңызды да бір сәт ойлаңыз.

Егіздер

Дұшпаныңыз сізді аяқтан шалуға тырыс­қанымен, өзі ыңғайсыз жағдайда қалуы мүмкін. Ал сіз өш алуға тырыс­паңыз, сонда өзіңізді жақсы жағынан көрсетіп, абыройыңызды арт­тырасыз. Кәсіби салада өзгерістер болуы мүм­кін. Ынтаңыздан айырылмай, алған бетіңізден қайт­паңыз.

Шаян

Күйгелектік пен жабырқаулы көңіл-күйіңізді ескермесек, денсаулығыңыз жақсы деуге бо­лады. Денсаулығыңызды қалай нығайту ке­ре­гін ойлаңыз. Аптада өзгерістер болып, жаңа адам­дармен та­нысуыңыз мүмкін. Ішкі түйсі­гі­ңізге құ­лақ асып, жағымсыз адамдармен араласпаңыз.

Арыстан

Сізді сәттілік күтіп тұр, тек күшіңізді дұрыс бағалап, серіктесіңіздің мүм­кін­дігін ескеріңіз. Өзіңізге тым сенімсіз болсаңыз, қиын­дықтар туындауы мүмкін. Отба­сы­ңызда кикілжіңдер болуы мүмкін. Жұл­дыздар уақытты үйден тыс жерде, театрда немесе достарыңыздың үйінде өткізуге кеңес береді. Сонда жұбыңызбен ұрыс болмайды, қарым-қатынасыңыз да бұзылмайды.

Бикеш

Таныстықтар мен шығармашылық кездесулер үшін қолайлы сәт. Сіздің көзқарасыңызды қолдайтын адам­мен сөйлесуге тырысыңыз. Соның нәти­же­сінде өмірлік және шығарма­шылық әлеуетіңіз артады.

Таразы

Сізде зерігу, қанағатсыздық, ашу­шаң­дық сынды сезімдер пайда болуы мүмкін. Ұрыс пен жанжал да орын алуы ғажап емес. Бойыңыздағы қыр­сық­тық, менмендік, екіжүзділік сынды жағымсыз қасиеттерге көңіл бөліп, олардан арылуға тырысыңыз.

Мерген

Қаржылық операциялар үшін қолай­лы уақыт. Мәмілеге келіп, басшылық­қа адал болсаңыз, табыс табасыз. Жаңа серіктестер немесе құдіретті демеу­шілеріңіз пайда болуы мүмкін. Жаңа табыс көздерін табуыңыз ықти­мал. Қырсықтық пен ішкі еркіндіктен арылмауға талпынысыңыз кез келген ісіңізді жоққа шығаруы мүм­кін. Түйсігіңізге құлақ асыңыз, ол дұрыс шешім қа­былдауға көмектеседі.

Сарышаян

Маңызды шаруаларды апта аяғына қалдырыңыз, сонда тепе-теңдік орна­тып, бәрі жақсы шешіледі. Апта ішінде жатты­ғу жасаған пайдалы. Жұлдыздар таза ауада серуендеуге, жұмысқа жауап­кер­шілікпен қарауға кеңес береді.

Тауешкі

Жаңа таныстықтар орнатып, шығар­ма­шылық кездесулер мен ойдағыны жүзеге асыру үшін таптырмайтын сәт. Қысқа уақытқа болса да қаржылық жағ­дайыңыз жақсарып, ісіңіз ілгері ба­сады. Бұрын берген уәдеңіз үшін қиындық туындауы мүмкін.

Суқұйғыш

Махаббат, кешірім, тәубеге келу күні. Ғибадатханаға барған жөн. Өзі­ңіз­ді кінәлі сезінсеңіз, кешірім сұ­ра­ңыз, сізді ренжіткен адамды кеші­ріңіз. Аптада қиындықтарға қатты мән бермеуге кеңес беріледі. Бұл жақын­дарыңызбен ұрыс-керістер тудыруы мүмкін.

Балық

Жасы үлкен туысыңызбен түсінбеу­шіліктер туындайды. Сезіміңізге ерік бермеңіз. Жақындардың кеңесіне құлақ асқан жөн. Үлкен зат немесе мүлік сатып алу үшін қолайсыз сәт. Адам көп жиналатын шараға, сауық кешке бар­маңыз. Жазатайым жағдайлар болу ықтимал.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!