2024 жыл кебісе жыл саналса да көпшілік үшін айтарлықтай оң өзгерістерге, қызықты оқиғаларға, күтпеген кездесулер мен үлкен мүмкіндіктерге толы болмақ. Келер жылдың басты ережесі – өзіңізге сену, айқын мақсат қойып, оның жолында әрекет ету. Stan.kz тілшісі астрологпен тілдесіп, “Не себепті 2024 жылы үйленіп, тұрмыс құруға болмайды?” деген сауалға жауап іздеп көрді.
Жұлдыз жорамалға сенсек, жыл басы тыныш болады. Бастаған істерді аяқтауға, маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Астрологтар 2024 жылы көптен бері ойлаған, бірақ бастай алмай жүрген ісіңізді еш ойланбастан қолға алуға кеңес береді. Сондай-ақ 2024 жылдың басы қарым-қатынастағы жұптар үшін өте маңызды. Ғашықтардың арасында сенім нығайып, өкпе-реніш пен айтылмай қалған сөздер өткен жылда қалады. Жұлдызнамашылардың айтуынша, ұзақ уақыт сезімін жасырып жүрген жандар батыл қадам жасайтын сәт келгенін түсенеді.
2024 жылдың ортасы кәсіпкерлер, өз ісін дамытқысы келетіндер және кәсіп бастағалы жүрген жандар үшін табысты болмақ. Сол себепті бұл серіктестер мен инвесторлар іздеу үшін ең қолайлы уақыт деп саналады.
Келер жылы жұлдыз белгілерінің өмірінде қандай оқиғалар мен өзгерістер болады? Астролог әр жұлдыз белгісіне жеке-жеке тоқталып, 2024 жылға арналған жұлдыз жорамалды ұсынды.
ТОҚТЫ (21.03 – 19.04)
2024 жыл тоқтылар үшін қызыққа толы болмақ. Бәлкім кей мәселелер оңай шешіле қоймауы мүмкін. Алайда қиындыққа мойымай, қайсарлық танытсаңыз мақсатыңызға жетесіз. Жыл басы күтпеген оқиғалармен есте қалмақ. Одан сабақ алсаңыз тәжірибеңізді өмірде талай мәрте пайдаға асырасыз. Араласатын ортаңыз кеңейіп, көптеген адамдармен танысасыз. Бұл іскерлік тұрғыдан пайдалы болады.
Жеке өміріңізде күтпеген өзгерістер болуы мүмкін. Бастапқыда бұл қарым-қатынас сізді уайымға салар. Бірақ уақыт өте жұбыңызбен араңыз жақсарып келе жатқанына көз жеткізесіз. Жалпы 2024 жыл жаңа романтикалық қарым-қатынастарды бастауға немесе ара қатынасты нығайтуға қолайлы жыл болмақ.
Жылдың екінші жартысында қандай бастаманы қолға алсаңыз да, асығыс әрекет жасамай, барлығын жоспарлап алғаныңыз жөн. Кәсіпкерлікте байсалдылық, өзін-өзі ұстау мен байыпты көзқарас аса маңызды рөл атқарады. Сол себепті дұрыс бағыттан таймай, өзіңізге сеніңіз, басқалардың кеңестерінен гөрі өзіңіздің ішкі түйсіңігізге құлақ асқаныңыз дұрыс.
2024 жылы тоқтыларға жан-жақты дамуға көп мүмкіндіктер ашылады. Өзгерістерге және оны қабылдауға дайын болыңыз. Табысқа жету үшін өзіңіздің жақсы қабілеттеріңізді пайдалансаңыз болады. Жұлдызнамашылар тоқтыларға қызбалыққа салынбай, шешім қабылдар кезде байсалдылық танытып, ауыздан шыққан сөзге абай болуға кеңес береді.
арнаған дұрыс. Сондай-ақ денсаулыққа көңіл бөлгеніңіз абзал. Қосымша жұмыс пен күйзелістің соңы жақсыыққа апармайтынын ескеріңіз. Сондықтан күз айларында жұмыстан бөлек, демалысты да ұмытпағаныңыз дұрыс. Астрологтар туған жерінен жырақта жүрген егіздерге өзге елдің тәртібі мен заңына мұқият болуын ескертеді.
ШАЯН (21.06 – 22.07)
Жұлдыздар шаяндарға 2024 жылдың басын демалысқа арнауға кеңес береді. Шаяндар келер жылы жұмыс орнын ауыстырып немесе өз кәсібін ашуы мүмкін. Мысалы, шығармашылыққа бет бұрып, оны табыс көзіне айналдыруға, өзіңізді және басқалар білмейтін қабілеттеріңізді көрсетуге мүмкіндігіңіз бар.
Сондай-ақ 2024 жылдың басы қаржылық мәселелерді шешуге, ауқымды дүние сатып алуға және инвестиция жасауға өте қолайлы уақыт. Бәлкім жылжымаймын мүлік сатып алуыңыз мүмкін. Алайда құжат мәселесіне келгенде аса сақ болғаныңыз жөн.
Наурызда шаяндар үшін жағымсыз өзгерістер болуы мүмкін. Іскерлік қарым-қатынастар шиеленісіп, отбасында да жайсыз жағдайлар орын алуы ғажап емес. Айналаңыздағы адамдардың шешілмей жүрген мәселлеріне бас ауыртып, күш жұмсайсыз. Алайда еңбегіңіз бірден бағалана қоймайды. Қандай жағдай болса да, эмоцияға берілмей, мәселені ақылмен шешуге тырысыңыз.
Келер жылы шаяндар отбасылық байланысын одан әрі нығайтпақ. 2024 жылы аталмыш жұлдыз белгісін той, сәбидің дүниеге келуі секілді қуанышқа толы сәттер күтіп тұр. Басқа қалада немесе шетелде тұратын ескі достармен немесе таныстарыңызбен қарым-қатынасты жаңғыртуыңыз мүмкін. Ал бойдақтар келер жылы сүйіктісін кездестіріп, жұп жарастырады.
Шаяндарға қызмет сатысында жоғарыға өрлеуге және кәсіби дамуға себеп болатын жақсы жобалар ұсынылмақ. Астрологтар шаяндарға қараңғы түннен кейін таң ататынын және қандай жағдай болмасын әр нәрсенің өз қайыры болатынын ескертеді.
әріптестермен байланысты қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Балықтар келер жылы басқа қалаға немесе елге көшуді, болмаса бизнес бастауды жоспарлайды.
Естен кетпес әсер сыйлайтын сахатқа шығуыңыз да ғажап емес. Жаңа қызығушылықтар мен хоббилер пайда болуы мүмкін. Тіпті олар уақыт өте табыс көзіне айналады.
2024 жылдың алғашқы жартысында балықтар жеке өміріне қатысты маңызды шешім қабылдап, отабсы құруы мүмкін. Ал екінші жартыжылдық қай жағынан алсаң да қиындықтарға толы болмақ. Алайда махаббат бәрін жеңеді. Тек ол үшін уақыт керек. Жұлдыздар балықтарға қалжырап, күйзелістің жиілегенін байқаса жұмыс көлемі мен міндеттерін қайта қарастырып, ретке келтіруге кеңес береді.
Жақында «2023 жылы шаңырақ көтеріп үлгеріп қалыңыздар. 2024 жылы үйленуге болмайды» деген ақапарат тарады. Осы тұста AstroGrig батыс астрология мектебінің негізін қалаушы Алена Григтен көпішілікті қызықтыратын сауалды қойдық. “2023 жылы шаңырақ көтеріп үлгермегендер, келер жылы үйленуге жоспар құруға болады ма?” деген сұрақа астролог:
“Әрине, болады. 2024 жыл кебісе жыл болып саналады. Бұл жалған ақпараттың тарауына да сол нәрсе себеп болды. Шынында, келер жылдың басқа жылдардан еш айырмашылығы жоқ. Күнтізбелердің ғаламшарлар қозғалысына еш әсер етпейді. Сол себепті ондай дүниелерге бас ауыртпаңыз”,- деп жауап берді.
Астрологтың айтуынша 2024 жыл беймаза жыл болмақ. Оқиғалар әлем халқын алаңдатпай қоймайды.
Жаңа жылды дұрыс қарсы алғыңыз келсе, мына дүниелерді есте сақтаңыз:
- Келер жылды тек жақындарыңмен қарсы алу керек. Көңіліңіз қаламайтын жандармен араласып, жақтырмайтын туыстармен кездесудің қажеті жоқ. Дастархан басында тек жаныңа жақын деген адамдармен жиналу қажет;
- Түн ортасында тілек тілеу – классикалық астромагиялық әдіс. Бұл тілектің орындалу мүмкіндігі жоғары. Сол себепті жаңа жыл қарсаңында тілек тілеу тамаша дәстүр деп ойлаймын;
- Жаңа жылды жаңа, таза киіммен қарсы алу керек. Көтеріңкі көңіл күй үшін дастарханда қымбат өнімдерден жасалған отбасының сүйікті тағамдары болғаны жөн.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!