Фото: Pixabay.com

Консалтинг диетологы және «Салауатты тамақтану» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Алексей Кабанов матча шайының пайдалы қасиеттері туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Риа.Новости-ге» сілтеп.

«Кофеден артықшылығы, бұл шайдың құрамында көптеген дәрумендер мен талшықтар бар, ол асқазан-ішек жолдарының жұмыс істеуі үшін маңызды, сондай-ақ антиоксиданттық қорғанысты қамтамасыз етеді және асқорытуды қалыпқа келтіруге көмектеседі», – деп түсіндірді Кабанов.

Кабанов сусынның пайдасы оның өсімдік құрамында екенін айтты. Ақуыздар, талшықтар, минералдар (темір, кальций), А, С дәрумендері, хлорофилл (табиғи детоксикация) – бұл компоненттердің барлығы үнемі тұтынылған кезде пайдалы болады және біздің денемізге өте қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!