Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының психологы Гүлмира Сәдуақасова күйзелістен арылу жолдарын атады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, күйзеліс – әдеттегі мұңаю немесе уақытша эмоционалды өзгерістермен шатастыруға болмайтын ауыр психикалық бұзылыс. Ол адам өміріндегі қарым-қатынасқа, жұмысқа және денсаулыққа әсер етеді. Күйзеліске түсудің негізгі белгілерінің қатарына ұзақ мерзімді депрессия, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, жиі шаршау  және ештеңеге қуана алмау жатады.

«Бұл отбасымен, достарымен және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа теріс әсер етуі мүмкін. Ол оқудағы және жұмыстағы проблемалардың нәтижесі немесе себебі болуы да мүмкін», – деді маман.

Күйзеліс кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ көбіне жасөспірімдер мен 20-30 жас аралығындағы жастар зардап шегеді. 

Сарапшы күйзелісті жеңуге көмектесетін бес ұсынысты атады.

  • Балық аулау, аквалангпен жүзу, тир, спорт немесе адреналин алатын кез келген хобби көңіл күйдің жақсаруына ықпал етеді.
  • Физикалық белсенділік. Үнемі спортпен шұғылдану бақыт гормондары – серотонин мен дофаминнің бөлінуіне ықпал етеді.
  • Сүйікті ісіңізге оралу. Ескі хоббиге уақыт бөліңіз немесе жағымсыз ойлардан аулақ болу үшін өзіңізге жаңа қызығушылық бастап көріңіз.
  • Дұрыс тамақтану. Дәрумендер мен минералдарға бай диета ағзаның жалпы жағдайына оң әсер етеді.
  • Сапалы ұйқы. Ұйқы режимін сақтау психоэмоционалды күйді қалпына келтіруге көмектеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!