Диетолог Реме Наварро сол жақ бүйірмен ұйықтауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 20minutos басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, сол жақ бүйірмен жатқан кезде ас қорыту жүйесі тиімді жұмыс істейді. Оның үстіне тамақ асқазаннан ішекке қарай жеңіл өтеді. Сонымен қатар, бұл қалып бауырдың жұмысын жақсартады.

“Сол жақ бүйірмен жатқанда жүрекке қан айдау оңайырақ болады. Себебі төменгі аяқтардан жүрекке қан таситын негізгі вена дененің оң жағында орналасқан. Сол жаққа жатып ұйықтау оған түсетін қысымды азайтады, яғни қан айналымын жеңілдетеді”, – деді дәрігер.

Сондай-ақ бұл қалып асқазандағы қыжылды азайтуға көмектеседі. Ал жүкті әйелдер үшін сол жақ бүйірмен ұйықтау ерекше пайдалы. Ол плацентадағы қан айналымды жақсартып, бауыр мен бүйрекке түсетін қысымды азайтад

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!