фото: pixabay.com

Ғалымдар жасөспірім ұлдардың сабақ үлгерімінің төмен болуы себебін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нидерландыдағы Неймеген университетінің зерттеушілері жасөспірім ұлдардың оқу үлгерімі достарының мінез-құлқына байланысты деген мәлімдеме жасады. Зерттеу Research in Social Stratification and Mobilityғылыми журналында жарияланды.

«Әлеуметтанушылар Нидерландыда, Германияда, Англияда және Швецияда 14-16 жас аралығындағы 10 мыңнан астам мектеп оқушысының деректерін зерттеді. Төрт елде де ұлдар тілге қатысты пәндерден нашар нәтиже көрсетті. Математикадан олардың бағалары бастапқыда сәл жоғары болды, бірақ 15 жасқа келгенде, азайып кетті», – дейді зерттеушілер.

Зерттеушілер бұл тенденцияны достық ортамен байланыстырды. Себебі ұлдар бірігіп, тәртіп бұзуға бейім.

  • Біріншіден, жасөспірімдер өздерінің әлеуметтік ортасының әдеттерін қабылдайды. Егер достары жүйелі түрде сабаққа бармаса немесе сабаққа кедергі келтірсе, оқушының өзі де солай істей бастайды. Бұл оның бағасына сөзсіз әсер етеді;
  • Екіншіден, тәртіпті оқушыларға да кесірі тиеді. Мұғалімдер бұзық оқушыларға назар аударуға мәжбүр болса, бүкіл сыныптың оқу сапасы төмендейді.

«Негізгі себеп «ер» және «әйел» мінез-құлқы туралы дәстүрлі идеяларда жатыр. Жасөспірімдік шақта ұлдардың тентек және оқуға немқұрайлы болғаны қалыпты нәрсе болып қабылданады. Ал қыздарға керісінше көп талап қойылады”, – деді мамандар.

Бұл стереотиптер нашар циклді тудырады. Құрдастарының алдында мықты болып көріну үшін ұлдар саналы немесе бейсаналы түрде оқудан бас тартады. Бұл олардың ұзақ мерзімді перспективада мансаптық мүмкіндіктерін шектейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!