Фото: depositphotos.com
Мамыр айы – Қазақстанда мерекелерге бай, соның арқасында демалыс күндері де көбейеді. 2025 жылы да бұл дәстүр жалғасып, қазақстандықтар мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша демалыс күндеріне ие болады. Massaget.kz тілшісі сіздің жоспар құруыңызға ыңғайлы болу үшін арнайы күнтізбе дайындады.
2025 жылдың мамыр айындағы мемлекеттік мерекелер:
1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушылар күні
9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні
Бұл күндердің барлығы ресми демалыс болып есептеледі. Сондықтан әдеттегі сенбі мен жексенбіге қосымша бірнеше күн демалыс болады.
1 Мамырда қазақстандықтар қалай демалады:
Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:
1 мамыр (бейсенбі) – демалыс
2 мамыр (жұма) – жұмыс күні
3–4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс
Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:
1 мамыр – демалыс
2–3 мамыр – жұмыс күндері
4 мамыр – демалыс
7 және 9 Мамырда қалай демалады:
Бес күндік жұмыс аптасы:
7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс
9 мамыр (жұма) – демалыс
10–11 мамыр – демалыс күндері
Алты күндік жұмыс аптасы:
7 мамыр – демалыс
9 мамыр – демалыс
10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні
11 мамыр (жексенбі) – демалыс
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін хабарлағандай, демалыс күндерін басқа күндерге ауыстыру жоспарланбаған. Сондықтан 8 мамырды демалысқа ауыстыру көзделмеген.
2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
5 күндік жұмыс аптасында – 12 күн демалыс (мерекелерді қоса)
6 күндік жұмыс аптасында – 8 күн демалыс
Мамыр айындағы кәсіби мерекелер (ресми емес):
17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні
20 мамыр – Метрология қызметкерлері күні
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
25 мамыр (айдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні
Айтпақшы, Экология министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізіміне өзгеріс енгізу бойынша бұйрық жобасын әзірлеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!